RU

Меккеге барған Хабиб қазақстандық бауырларына алғысын жаудырды

Мекке мен Медина қасиетті қалаларына барып қайтқан Хабиб Нурмагомедов қазақстандықтарға өз алғысын білдірді. Ережесіз жекпе-жек жұлдызы өзінің жылы лебізін Instagram парақшасы арқылы жеткізген деп жазады NUR.KZ.

Әлеуметтік желіге Меккеде түскен суретін жүктеген спортшы қазақстандық бауырларына рахметін айтқан.

Анықталғандай, отандастарымыз Хабибтің қасиетті қалаға баруына көмектескен болып шықты.

"Алла үйі саналатын Мекке мен Мединаға барып қайту мүмкіндігі үшін қазақстандық бауырларыма алғысым шексіз" , - деп жазған Нурмагомедов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765090-mekkege-bargan-habib-kazakstandyk-bauyrlaryna-algysyn-zaudyrdy.html