RU

Британияда полицияны тістеп алған күшікті түрмеге қамап қойған

Британияда полицейді тістеп алғаны үшін түрмеге түскен Бангл есімді күшік бостандыққа шықты. Мыңдаған ел тұрғындары оны қамаудан шығару үшін петиция жазған деп хабарлайды Life сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: © телеграм-канал Life Shot
Фото: © телеграм-канал Life Shot: Facebook

Ұлыбритания полициясы төрт айлық чау-чау күшігін өз үйіне жіберді.

Құқық қорғаушылар итті қамауға алғанына қарсылық білдірген халыққа қарсы тұра алмаған.

Егер жергілікті тұрғындардың бұл арызы болмағанда полицейлер күшікті ең қауіпті иттердің қатарына қосып, оған қарсы іс қозғамақ болған екен.

Айта кетейік, Бангл мен оның иелері қашып бара жатқан итті қуалаған полицейді тістегені үшін жазаланған еді. Құқық қоршауылар оны тоғыз ай бойы қамауда ұстауды жоспарлаған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765101-britaniada-policiany-tistep-algan-ksikti-trmege-kamap-kojgan.html