Выйти
RU

Біз біргеміз: "Меломен" тобының қайта қосылғаны рас па? (фото)

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

"Меломен" тобы төрт көздері түгелденіп, қайта бас қосты. Жеке әншілікке бет бұрған Жігер Ауыпбаев өз жұлдызын жаққан топқа оралған сыңайлы. Қайрат Мырзахановтың желіге жүктеген суреті тыңдармандарының осылай деп болжауына себеп болды деп жазады NUR.KZ.

Кезінде квартет болып танылған, бірақ бүгінде триоға айналған жігіттердің бірі өзінің Instagram парақшасына "Меломеннің" толық құрамдағы суретін салған.

Тыңдарман қауымның қызығушылығын оятқан фотода топтың бұрынғы мүшесі Жігер Ауыпбаев та бой көрсетіпті.

Аталмыш топ өнер әлеміне дәл осы құраммен аяқ басқан болатын.

Айта кетерлігі, Қайрат Мырзаханов суреттің анықтамасына: "Біз біргеміз", - деген жазба қалдырған.

Желі қолданушылары жұлдызды топтың бас қосқанына тәнті болып, өздерінің жылы лебіздерін жаудырды.

Көпшілік бұл фотоны көре салып, "Меломен" тобы өздерінен кетіп қалған Жігер Ауыпбаевты "шынымен де қайта қосып алды ма?" деп болжады.

Кейбір оқырмандар бұл 29 қараша күні Алматыда өтетін "Меломеннің" жеке концертіне байланысты түсірілген сурет екенін жазған.

Отандық танымал топ өздерінің ән кешінде үш жігіт болып өнер көрсете ме, әлде төртеуі бірге бола ма, оны концерт болатын күні білетін боламыз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Біз біргеміз: "Меломен" тобының қайта қосылғаны рас па? (фото)