RU
Алматылықтар кептелістен шығудың жолын ойлап тапты (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматылықтар кептелістен шығудың жолын ойлап тапты (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматылық көлік жүргізушілері кептелістен шығудың жаңа әдісін көрсетті. Енді тұрғындар жол ережесін бұзып, артқы жүріспен "қарсы бағытта" қозғалатын болған. Ондаған көліктің осындай әрекеттерін Instagram желісіндегі Kris_p_almaty парақшасы жариялады деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр

Фото: Видеодан кадр
Source: Facebook

Видео авторы автокөліктердің қарсы қозғалыс бағытындағы жолаққа өту арқылы дұрыс бағытта, бірақ артқы жүріспен кететінін айтқан.

Жазбада мұндай жағдай таңғы сағат 8-де Алматы әуежайына жақын маңда орын алатыны хабарланды.

Бұл видеоны көрген желі қолданушылары мұндай әрекеттер Мәскеу қаласында қолданылатынын, енді қазақстандық жүргізушілер де осыны қайталап жүргенін жеткізіпті.

Ал келесі оқырмандар жол ережесін бұзған азаматтарды видеоға түсірген жігітті сынап тастаған.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
0
0
4
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel