RU
"Ақтөбеден" жылына 800 мың еуро жалақы алған футболшы сотқа шағым түсірді
Жаңалықтар Спорт

"Ақтөбеден" жылына 800 мың еуро жалақы алған футболшы сотқа шағым түсірді

Рассказать Вконтакте

Данило Неко өзіне қырауар қаржы қарыз "Ақтөбе" футбол клубын сотқа берді. Футболшы өзімен келісімшартты біржақты бұзған команда басшылығынан өтемақы төлеуін талап етуде деп жазады Aktobenews.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Данило Неко, Фото: fclmnews.ru

Данило Неко, Фото: fclmnews.ru
Source: Twitter

Бұл оқиға ФИФА тарапынан тағы бір мәрте санкция салынуға түрткі болуы мүмкін.

Алайда "Ақтөбенің" жаңа иесі Самат Смақов орын алған жағдайға қатысты футболшылармен келіссөз жүргізіп жатқанын жеткізді.

"Барлық ойыншыларға қарыз қайтару кестесі жіберіледі. Нәтижесінде, олар арыз-шағым тастамауы керек. Қазақстандық ойыншылармен келісуге болады. Олардың басым көпшілігі мені жақсы таниды. Ал енді шетелдіктермен сөйлесу қиынға түсетіні рас" , — деді Самат Смақов.

Анықталғандай, ақтөбелік клуб Данило Некоға қыруар қаражат қарыз. Самат Смақов қарыз мөлшерінің ұлғаюын бұрынғы басшы Дмитрий Васильевтен көріп отырғанын жасырмады.

"Біз Некоға "Ақтөбе Жас" командасының екі бюджетіне тең сома қарыз болып шықтық. Ол қайдан және қалай пайда болды? Бастапқыда футболшы "Ақтөбеден" өтемақы ретінде үш ай бойы ақша талап еткен.

Оқиға 2016 жылы болған. Алайда сол кезде басшылықтан ешкім оны елемеген.

Нәтижесінде Неко тиісті органдарға шағым түсіріпті. Бірақ футболшының шағымы бұл жолы да еленбей қалған. Шетелдік ойыншы бір жалақыға келіседі деп ойлаған басшы оның шағымын сейфке тығып қойыпты.

2017 жылы клубтан ұпай алыну жайлы шешім келеді. Ол мына мәселені былықтырып кеткен бұрынғы басшыға емес, Мақсат Тюмалиевтің алдына түседі. Сосын сейфтегі әлгі алғашқы қағаз табылады", — деді Смақов.

Айта кетейік, Данило Неко "Ақтөбемен" келісімшартқа 2014 жылы отырған. Клуб құрамында нәтижелі ойын көрсеткен ойыншы жылына 800 мың еуро жалақы алып тұрыпты. Алайда келер жылы ол қолын сындырып алып, онымен келісімшарт тағы екі жылға ұлғайтылған.

2015 жылы "Ақтөбе" ақыр-соңы футболшымен келісімшартты біржақты бұзып тастайды. Басшылықтың бұл әрекетіне наразы болған Неко олардан өтемақы төлеуді талап еткен.

Сіздің реакцияңыз
3
0
2
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel