RU

Алматылық тұрғын қаладағы түтін үшін әкімдікті сотқа берді

Алматы қаласының тұрғыны Әлинұр Ильяшев ауа ластануы мәселесіне дұрыс көңіл аудармаған жергілікті билік өкілдерін сотқа берген деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: hommes.kz
Фото: hommes.kz: Facebook

Әлинұр Ильяшев өз Facebook парақшасында қоғам белсенділерінің қолдауымен қала әкімдігіне сот арызын дайындағанын айтқан.

Сот арызында Ильяшев оңтүстік астанадағы ауа ластануының басты себебі - Алатау ауданындағы "Алматы электр станциялары" АҚ 2-ЖЭО қалдықтарын тастау екенін атап өтті.

Сондай-ақ, ол адам өмірі мен денсаулығына қауіп төндіретін фактілер мен жағдайларды жасырған лауазымды тұлғалардың жауапкершілікке тартылатынын көрсететін бірнеше заң тармақтарын көрсеткен.

"Арыз судья Қаракузиеваға берілді. Енді Алматы түтініне немқұрайлы қараған әкімдіктің қалай ақталатынын көреміз", -деп жазған қоғам белсендісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765120-almatylyk-trgyn-kaladagy-ttin-sin-kimdikti-sotka-berdi.html