RU
Әйелі басқа еркектің құшағында кеткен азамат жан сырын ақтарды
Жаңалықтар Қоғам

Әйелі басқа еркектің құшағында кеткен азамат жан сырын ақтарды

Рассказать Вконтакте

Әйелі көзіне шөп салған ер адам іштегі күйінішін айтып, жан сырын ақтарды. Ол балаларын тастап, ауылдан қалаға нәпақаға табуға келгенде осындай жағдайға тап боламын деп тіпті ойламаған көрінеді. Бұл туралы alashainasy.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Miridei.com

Көрнекі фото: Miridei.com

Азаматтың айтуынша, олар жұбайымен бірге жұмыс істеу үшін ауылдан қалаға келіпті. Екі баласын әке-шешесіне тастап кеткен ерлі-зайыптылар сыныптастарының үйінде тұра тұруды жөн көрген екен.

Артынша отағасы бір мекемеге күзетші, ал 25 жастағы әйелі бір ауқатты адамның үйіне бала күтуші болып жұмысқа орналасады. Осылайша, ерлі-зайыптылар бір-бірін көрместен еңбек етіп жүреді. Үш күн күндіз, үш күн түнде жұмыс істейтін олар тіпті, бір-бірін апталап көрмей, тек ұялы телефон арқылы сөйлесетін жағдайға жеткен көрінеді.

Осындай күндердің бірінде үйге жұмыстан шаршап келген жігітке сыныптасының әйелі бір дәрілерді ұстата салады.

"Әйеліңнің тапсырысы ғой. Алып қоя салшы деп еді. Өздерің қаңғып жұмыс істеп жүргенде, бала көтеру неге керек? Дұрыс, осылай сақтанып жүріңдер", - дейді ол.

Түк түсінбеген азамат бұл таблеткалардың не үшін қажет екендігін сұрайды. Сонда сыныптасының әйелі дәрілердің жүктілікті болдырмайтынын, төсек қатынасының алдында қабылдау қажеттігін және әйелі өткен жолы да осындай препараттар алдырғанын айтады.

Бұл хабарды естіген күйеуі түнімен ұйықтай алмай шыққан. Ал таңертең әйелі жұмыстан келгенде дәрілерді не үшін алдырып жүргенін сұрапты.

Сонда әйелі бала күтуші болып жұмыс істейтін үйдің иесі төсек қатынасына түсуге мәжбүрлегенін, ол үнемі ақша беріп, киім алып беріп жүргенін және қазір соның көңілдесі екенін жайып салады.

Күйеуіне аяғына құлаған келіншек бұл іске жанұясын асырау үшін барғанын жеткізген.

"Егер сен қолыңнан іс келетін жақсы еркек болғанда, балаларыңды бағып, үйде отыратын едім ғой. Балалырымның нәпақасы үшін соған бардым. Енді не істеймін? Өлтірсең, өзің біл", - деген ол.

Бұл жағдайдан соң сыныптасына ештеңе білдірмеген азамат жұбайын алып, ауылына қайтады. Алайда өз отбасын асырай алмай жүргеніне жүрегі ауырған ер адам әйелін кешіру қажет пе, жоқ па екенін білемей басы қатып жүрсе керек.

Сіздің реакцияңыз
16
6
5
25
1
4
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel