RU
Қарағандыда автобус жеңіл автокөлікпен соғысып, үш адам мерт болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қарағандыда автобус жеңіл автокөлікпен соғысып, үш адам мерт болды

Рассказать Вконтакте

Бүгін "Сарань-Қарағанды" жолаушылар автобусы "Фольксваген" жеңіл автокөлігімен соқтығысып қалды. Жол апаты салдарынан үш адам мерт болып, үш адам ауыр жарақат алды деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: rocketmotors.ru

Көрнекі фото: rocketmotors.ru

Жол апаты Ақтас ауылының маңында болған. Оқиға орнында "Фольксваген" көлігіндегі екі жолаушы көз жұмса, үшіншісі ауруханада қаза тапқан.

"Ота жасап жатқанда үшінші жәбірленуші қаза тапты. Үш жәбірленуші амбулаториялық емдеуге жіберілді", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінде.

Қазір оқиға орнында жол-патрульдік полиция мен анықтаушылар жұмыс істеуде.

"Біздің көз алдымызда жедел жәрдем қызметі "Фольксваген" жүргізушісін ауруханаға алып кетті. Автобус жүргізушілері де зардап шекті", - дейді оқиға куәгерлері.

Автобус жолаушылары басқа қоғамдық көлікке ауыстырылды.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel