RU
Ауғанстанда балаларына тамақ таппаған әйел алты жасар қызын сатып жіберді
Жаңалықтар Әлемде

Ауғанстанда балаларына тамақ таппаған әйел алты жасар қызын сатып жіберді

Рассказать Вконтакте

Ауғанстанда отбасын асырай алмаған әйел алты жасар қызын сатып жіберген. Мамарин есімді әйел басқа балаларын асырау үшін кішкентайын 3000 долларға өткізіп жіберген деп хабарлайды newsone.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: CNN арнасынан кадр

Фото: CNN арнасынан кадр
Source: Instagram

"Ауылды қуаңшылық жайлағаны үшін тастап кеттім. Жолда көмек болар деп ойлағанмын. Алайда олай болмады. Қалтамда 70 долларым ғана қалды. Басқа балаларым аштан өлмеуі үшін, қызымды сатуға мәжбүр болдым. Менің күйеуімді өлтіріп кеткен. Ал қызымды сатып алған адам 3000 доллар беруге уәде етті", - деді Мамарин.

Болашақта әйелдің қызы ақша төлеген ер адамның баласына күйеуге шығуы тиіс.

Әйелдің сөзінше, алты жасар қызы өзін сатып жібергенін білмейді екен.

Сіздің реакцияңыз
1
3
2
14
0
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel