RU

Талдықорғанда қалта ұрлығымен айналысқан үш қыз ұсталды

Алматы облысында сауда орталықтары мен автобустарда жұрттың қалтасына түскен ұрылар ұсталды. Полиция 13 ұрлық ісіне қатысты үш қызды құрықтаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі сурет. Фото: inkomotini.news
Көрнекі сурет. Фото: inkomotini.news: Instagram

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, үш қыз бұрын да ұсақ ұрлық істері үшін жауапкершілікке тартылған

Олар бір айда жарты миллионға жуық ақша үптеп үлгерген.

Қазір қыздардың басқа қылмысқа қатысы бар-жоғы анықталу үстінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765225-taldykorganda-kalta-rlygymen-ajnalyskan-s-kyz-staldy.html