RU
Елімізде 16 жастан бастап түсік жасатуға заңмен рұқсат етілуі мүмкін
Жаңалықтар Қоғам

Елімізде 16 жастан бастап түсік жасатуға заңмен рұқсат етілуі мүмкін

Рассказать Вконтакте

Денсаулық сақтау министрлігі қыз балаларға 16 жастан бастап ата-анасының келісімін алмай-ақ, жасанды түсік жасатуды заңдастыруды ұсынды. Бұл жайында денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева мәлім етті деп хабарлайды "КТК" арнасы.

Көрнекі сурет. Фото:doc.by

Көрнекі сурет. Фото:doc.by
Source: Instagram

Қазіргі заңнама бойынша кәмелетке толмаған қыз балаларға медициналық көмек көрсету үшін ата-анасының немесе заңды өкілінің келісімі міндетті түрде керек.

"Жасөспірімдер 16 жастан бастап, өз бетінше шешім қабылдайтын болады. Бұл әлемде бар тәжірибе. Қазір аяқ асты бала көтеріп қалған қыздар көбейіп барады. Ал осы заң арқылы жүктіліктің ерте кезеңінде тиісті медициналық көмек алуға мүмкіндік береді", - деді денсаулық сақтау министрінің орынбасары Ләззат Ақтаева.

Ал психологтар адам өз тағдырын өзі шешетін болса, бұл жайт жасөспірімдердің таным-түсінігіне айтарлықтай әсер ететінін айтуда.

"Кішкентай қыздарды  түсікке апару тығырықтан шығудың жолы емес. Барлық мектептерге барып, сол қыз балалармен, жігіттермен сөйлесу керек. Жасөспірім кезінен бастап, жыныстық сауатын ашу қажетпіз", - деді психолог Әсия Мәмбеталина.

Айта кетейік, елімізде аяғы ауыр жас қыздардың жағдайына жәрдем ететін 105 жастар денсаулығы орталығы жұмыс істеп жатыр.

Сіздің реакцияңыз
18
2
0
5
0
1
2
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel