RU
Алматыда жатырына ота жасатпақ болған 24 жастағы келіншектің жүрегі тоқтап қалды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматыда жатырына ота жасатпақ болған 24 жастағы келіншектің жүрегі тоқтап қалды

Рассказать Вконтакте

Алматыда жекеменшік перзентханада жатырына ота жасатпақ болған 24 жастағы келіншек қайтыс болды. Наркоз салдырған Ақбота Жалмұратованың жүрегі тоқтап қалған деп хабарлайды КТК арнасы.

Ақбота Жалмұратова. Фото: КТК арнасынан кадр

Ақбота Жалмұратова. Фото: КТК арнасынан кадр
Source: Instagram

Қайғыдан қан жұтқан марқұмның туыстары, келіншектің өліміне дәрігерлерді кінәлап отыр.

"Үш айлық баласы бар. Бір жастағы тағы бір баласы бар. Сап-сау болатын. Еш жері ауырмаған жұлдыз еді ғой", - деді марқұмның әпкесі Феруза Байболаева.

Сол күні үш айлық баласын көршісіне қалдырған келіншек, ота жасатуға кеткен.

Ал дәрігерлер аталмыш отаның 15 минуттық жұмыс екенін айтып, 271 мың теңге алған.

"Дәрігерлердің  не салғанын білмейміз. Өздеріне сұрадық. Ешкім жауап бермейді. Біз қызымызды қайтара алмаймыз. Бірақ  дәрігерлердің жазасын алуын қалаймыз", - деді марқұмның ағасы Абзалхан Байболаев.

Айта кетейік, емдеу мекемесінің басшылары комиссияның тексерісі аяқталмайынша, жауап беруден түбегейлі бас тартқан. Ал қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы дауға іліккен жекеменшік медициналық мекемені тексеріп, оқиғаның мән-жайын анықтайтынын мәлім етті.

"Тексеру барысында перзентханадан кемшіліктер табылса, оны лицезиясынан айырамыз. Өз ісіне салғырт қараған дәрігерлерді жауапқа тартып, осы саладан аластатамыз. Басшысы да жауап беруі тиіс. Ешкім жазасыз қалмайды", - деді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасимова.

Сіздің реакцияңыз
5
3
2
21
2
5
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel