RU

Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" байқауында ән шырқайтын болды

Отандық әнші Димаш Құдайберген "Әлем аруы-2018" байқауында ән шырқайтын болды. Бұл туралы ол өз Instagram парақшасында айтты деп хабарлайды NUR.KZ.

Әлем аруларының суретімен бөліскен әнші өзінің алда келе жатқан дүниежүзілік байқауда ән салатынын айтты.

"8 желтоқсанда "Әлем аруы" байқауында қатысушыларды қолдап ән арнаймын. Көріскенше", -деп жазды ол.

Бұл жазбаны оқыған желі қолданушылары Димашқа сәттілік тілеген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765256-dimas-kdajbergen-lem-aruy-2018-bajkauynda-n-syrkajtyn-boldy.html