RU
Алик Шпекбаев инвесторлар мен кәсіпкерлермен кездесті
Жаңалықтар Қоғам

Алик Шпекбаев инвесторлар мен кәсіпкерлермен кездесті

Рассказать Вконтакте

2018 жылдың 23 қараша күні Қарағанды облысына жасаған сапары барысында Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев облыс әкімі Ерлан Қошановпен бірге «Атамекен» ҰКП филиалы базасында инвесторлар және кәсіпкерлермен кездесті.

Фото: МҚІСЖҚІА баспасөз қызметі

Фото: МҚІСЖҚІА баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта инвестициялық қолайлы климатты қалыптастыру, кәсіпкерлік қызметке байланысты туындайтын жемқорлық жайттарын азайту Агенттіктің негізгі жұмыс бағыттарының бірі болып табылады.

Фото: МҚІСЖҚІА баспасөз қызметі

Фото: МҚІСЖҚІА баспасөз қызметі

Қазіргі уақытта агенттікпен бизнес және инвестицияларды қорғау бойынша «Protecting Business and Investments» жобасы іске асырылып, ол өз кезегінде бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік билік институттарына сенімін нығайту мақсатын көздейді.

Фото: МҚІСЖҚІА баспасөз қызметі

Фото: МҚІСЖҚІА баспасөз қызметі

Кездесу барысында Алик Шпекбаев аталған жобаның нәтижелі тұстары туралы айтып өтті.

Фото: МҚІСЖҚІА баспасөз қызметі

Фото: МҚІСЖҚІА баспасөз қызметі

«Біз әрбір инвесторға мемлекеттік институттармен өзара ықпалдастыққа қол жеткізу барысында туындайтын мәселелер бойынша қолдау көрсетудеміз. Аталған шаралар жобаны іске асырудың алғашқы кезеңдерінен бастап жүзеге асырылады. Бұл үшін барлық аймақтарда фронт-офистер ашылып, олар бойынша 140 лауазымды тұлға бекітілген. Бұл жоба іске асырылып жатқан бірнеше ай ішінде кәсіпкерлік субьектілері тарапынан кеңінен қолдау тапты.

Қазіргі уақытта отандық және шетелдік 243 жоба жемқорлыққа қарсы сүймелдеу шараларымен қамтылған. Олардың жалпы құны 6,5 трлн.теңгені құрайды. (16 млрд. АҚШ долл.).

Жобалардың 33% шетелдік Нидерланд, Швейцария, Ұлыбритания, Жапония, Франция, Ресей, Түркия, Германия және ҚХР, БАӘ, Корея, Польша, Малайзия және т.б мемлекеттердің қатысуымен іске асырылуда» - деп атап өтті ол.

Мәселелер бойынша келіп түскен 259 өтініштің 211 бойынша (87% жуық) тиісті шешімдер қабылданған.

Фото: МҚІСЖҚІА баспасөз қызметі

Фото: МҚІСЖҚІА баспасөз қызметі

Кездесу барысында ашық талқылау, пікір алмасулар өтіп, кездесуге қатысушылар спикерге өздерін мазалаған сұрақтарды қойып, өз кеңестерін айтуға мүмкіндік алды. Жиынға қатысушыларға бизнесті жүргізу барысында туындайтын мәселелерді шешу, Қазақстан экономикасының басым бағыттарына шетелдік инвестицияларды тарту, инновациялық технологияларды енгізу бойынша көрсетілетін қолдау туралы айтылды.

Осы күні Агенттік төрағасы жұмыс сапарымен «Альфарух Logistic» ЖШС, Қарағанды құйма-машина құрылысы зауыдында, «Maker» ЖШС, «SES Saran» ЖШС және «Қарағанды фармацевтикалық кешені» ЖШС болып қайтты.

Аталған кәсіпорындар жұмысымен танысудағы басты мақсат Қарағанды облысы кәсіпкерлерінің өз жұмыстарын атқару барысында кездесетін мәселелерімен танысу және оларды анықтау.

Фото: МҚІСЖҚІА баспасөз қызметі

Фото: МҚІСЖҚІА баспасөз қызметі

Қызметкерлермен және кәсіпорын өкілдерімен пікір алмасу барысында Алик Шпекбаев бизнеске әкімшілік қысым жасау мәселесін шешудің маңыздылығын және Мемлекет басшысы оны болдырмау қажеттігі туралы қадап айтқанын атап өтті.

«Бүгінде бизнес пен инвесторлардың құқығын қорғау бойынша бұрын-соңды болмаған нақты шаралар қолға алынуда. Бизнеске немесе инвестицияға қатысты кез-келген заңсыз әрекет – бұл мемлекеттік саясатты жүзеге асыруды бөгеу болып есептелетін болады»-деді ол.
Фото: МҚІСЖҚІА баспасөз қызметі

Фото: МҚІСЖҚІА баспасөз қызметі

Жұмыс сапарының қорытындысы бойынша Алик Шпекбаев Агенттік жүзеге асырып жатқан кешенді шаралардың Қарағанды өңіріндегі жемқорлықты азайтуға және бизнестегі мемлекеттік қызметтер сапасын арттыруға мүмкіндік беретініне сенім білдірді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel