RU
Астанада желідегі алаяқтардан зардап шеккендер көбейіп кетті
Жаңалықтар Қоғам

Астанада желідегі алаяқтардан зардап шеккендер көбейіп кетті

Рассказать Вконтакте

Астанада әлеуметтік желідегі және онлайн-дүкендердегі алаяқтарға алданған тұрғындардың саны көбейіп кеткен. Бұл туралы қалалық полиция департаментіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: Helpcase.ru

Көрнекі фото: Helpcase.ru
Source: Facebook

Полицияда үстіміздегі жылы желідегі алаяқтарға 900-ден астам арыз түскенін айтты.

Көбіне Астана тұрғындары өз тауарларын желі арқылы сататын алаяқ саудагерлерге алданып қалады екен.

Мекемеде әлеуметтік желілердегі топтар мен сайттардың көбеюінен тауарды онлайн сататын алаяқтар да, оған алданатын тұрғындар да артып жатқанын жеткізді.

Одан бөлек, полицейлер тұтынушыларға бағалары өте төмен, сату кеңсесінің нақты мекен-жайы жоқ, хабарласатын телефон нөмірлері сенімсіз топтардан аулақ болуды ескертеді.

Мекемеде желідегі тауарды үйге жеткізіп, жеткізушіге қолма-қол ақша төлеу арқылы сатып алу қажеттігін айтты.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel