RU
Қостанай облысында тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанай облысында тоғыз қабатты тұрғын үйден өрт шықты

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысына қарасты Рудный қаласында тоғыз қабатты үйден өрт шықты. Бұл туралы ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Нұрсұлтан Нұрахметов мәлімдеді деп хабарлайды ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: ncrim.ru

Көрнекі фото: ncrim.ru
Source: Instagram

Бүгін таңертеңгі сағат 10:00-де өртке қарсы қызметтің кезекшілік бөліміне Қостанай облысына қарасты Рудный қаласының Корчагин көшесі бойындағы 9 қабатты үйден өрт шыққандығы туралы хабарлама түскен.

"Өрт 2-қабаттан шыққан және 40 шаршы метр аумақты шарпыған. Өрт сөндіру қызметінің мамандары 24 адамды қауіпсіз жерге көшірді, оның үшеуі - бала. Тағы бір бала құтқарылды. Өрт сағат 10-58-де толықтай өшірілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Алдын ала деректерге сәйкес өрт отты абайсыз пайдаланудан шыққан", - деді Нұрахметов.

Ресми өкілдің айтуынша, қызыл жалынды сөндіруге Қостанай облыстық ТЖК жеке құрамының 13 маманы мен 3 техникасы жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel