RU
Ақтөбеде жат ағым өкілі ретінде есепке алынған 28 адам намаз оқымай кеткен
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде жат ағым өкілі ретінде есепке алынған 28 адам намаз оқымай кеткен

Рассказать Вконтакте

Ақтөбе қаласының әкімі өңірдегі діни жағдайды баяндады. Оның сөзінше, қазіргі уақытта оң өзгерістер бар. Қазір өңірде екпеден бас тартып жүрген ата- аналар ойларын өзгертіп, 73 бала егілген деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: shymkenttv.kz

Көрнекі фото: shymkenttv.kz
Source: Twitter

"Бүгінгі таңда қала мектептерінде мектеп формасын сақтамай отырған 15 оқушы бар. Алты оқушының  ата-анасына 5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды және қалған 7 ата-анаға қатысты құжат әкімшілік жауапкершілікке тартуға жіберілді.
Қазіргі таңда 1649 баланың ата-анасы екпеден бас тартып отыр. 73 бала екпе алып бастады", - деді қала әкімі Ілияс Испанов.

Қала әкімінің есебінде өңірде жат ағым өкілі ретінде есепке алынған 28 адамның намаз оқымайтыны белгілі болды.

"Қазіргі таңда  Ақтөбе қаласы бойынша діни жағдай тұрақты деп айтуға болады. Бүгінгі күні қала аумағында деструктивті діни ағымдағы 1046 адам есепте. 1013 адамға қатысты теолог мамандардың анықтамасы бар. Оның ішінде 819 адам деструктивті діни жолда, 166 адам дәстүрлі діни жолда, 28 адам намаз оқымайды.15 адамға қатысты адрестік жұмыстар жалғастырылуда", - деді Ақтөбе қаласының әкімі Ілияс Испанов.

Қала әкімі деструктивті діни ағым өкілдерін жұмыспен қамту мәселесін қолға алған.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
6
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel