RU
Алматыда Мемлекеттік күзет қызметінің сарбаздары ант қабылдады
Жаңалықтар Пресс-релизы

Алматыда Мемлекеттік күзет қызметінің сарбаздары ант қабылдады

Рассказать Вконтакте

Биыл Қазақстан Республикасының Мемлекеттік күзет қызметі мерзімді әскери қызметке "Айбын" және "Батыр" Президенттік полктеріне 295 адамды іріктеп алды. Жас сарбаздар бүгін Алматыда әскери ант қабылдады деп хабарлайды NUR.KZ порталы.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

2018 жылғы күзгі әскерге шақыру нәтижесі бойынша әскер қатарына шақырылған жас сарбаздардың сапалық мінездемесі жоғары деңгейде екені көрінеді. 200-ден артық әскери қызметшілердің 17 пайызының жоғары білімі бар. 67 пайызы орта-арнайы білімі туралы дипломмен келді. Жас сарбаздардың арасында төрт спорт шебері, 19 спорт шеберлігіне үміткер бар және көбісінің спортшы-разрядник екенін айта кеткен жөн.

Жаңа толымдауларды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары - Объектілерді қорғау қызметінің бастығы генерал-лейтенант Мұхтар Аюбаев құттықтады.

Өз кезегінде ол елбасының қазан айындағы жолдауында айтылған әскери-патриоттық тәрбиенің рөлін күшейту туралы сөзіне тоқталды.

"Отанды, халқын, тілін құрметтеуге тәрбиеленген ұрпақ туған жерін, елін қорғауға қабілетті болады. Елімізге адал қызмет ету және оны қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Бүгін сіздер тұңғыш президент күні қарсаңында отанға мінсіз қызмет етуге және оны қорғауға әскери ант қабылдадыңыздар. Сіздер әскери істі жақсы меңгеріп, командирлердің бұйрықтарын бұлжытпай орындап, адал қызмет атқара отырып, Қазақстанның мәңгілік ел болуына өз үлестеріңізді қосасыздар",- деді генерал-лейтенант Мұхтар Аюбаев.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Қазақстан республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің мерзімді әскери қызметке азаматтарды дайындау және шақыруы - үзіліссіз процесс. Әскерге шақыру учаскесіне тіркелген сәтінен бастап әскерге шақырылғанға дейін жергілікті атқарушы органдар Қазақстан республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің офицерлерімен бірлесіп мерзімді әскери қызметке шақырылуға жататын адамдарды жүйелі түрде іріктеуді және зерттеп-зерделеуді жүргізеді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Атап айтқанда барлығы: оқу және жұмыс орындарынан мінездеме, әскерге шақырылушының араласқан ортасы, қызығушылығы мен бейімділігі, бойы, ол 180 см кем болмауы тиіс, физикалық және медициналық деректері, сондай-ақ психологиялық портреті зерттеп-зерделенеді. Әскерге шақырылушының зияткерлік қабілеттілігіне, олардың адалдығы мен Отанға деген берілгендігіне, қысылтаяң жағдайдағы батылдығы мен дұрыс шешім қабылдай алу шеберлігіне, тәртіптілігі мен қырағылығына да үлкен назар аударылады. Спорттық және өзге де жетістіктері назардан тыс қалмайды. Осындай қатаң талаптар Қазақстан республикасының Мемлекеттік күзет қызметі орындайтын міндеттердің маңыздылығымен байланысты.

Әскери бөлімдерде әскери қызметшілердің физикалық дамуы және салауатты өмір салтын насихаттау үшін барлық жағдай жасалған. Бөлімдердің спорттық базасы спортпен шұғылдануға бөлімшенің барлық жеке құрамын қамтуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Атлетикалық гимнастика, қоян-қолтық ұрыс залдары, стадиондар жұмыс істейді. Бөлімшелерде спорттық бұрыштар құрылған, волейбол, футбол, шаңғы спорты бойынша спорттық секциялар және т.б. жұмыс істейді.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ

Әлеуметтік қамтамасыз етуді ұйымдастыру мәселесі жоғары деңгейде тұр: күн сайын мәзірде үш реттік теңгерілген тағам, оған негізгі азық-түлікпен қатар: бал, табиғи шырын, жеміс-жидек (алма, банан, апельсин) қосылған, бұлар басқа әскери құралымдарда берілмейді. Қазақстан республикасы Мемлекеттік күзет қызметі әскери қызметшісінің азық-түлік паегінің құны 1357 теңгені құрайды. Тамақтандыруды ұйымдастыру жөніндегі қызметті азаматтық ұйым көрсетеді. Әрбір әскери қызметшінің киім-кешегіне (формасына) жыл сайын 150433 теңге бөлінеді. Құрмет қарауыл ротасына қызмет атқаруға түскендерге форма мен аяқ киім жеке тігіледі.

Әскери ант қабылдаған сарбаздар Астана мен Алматы қалаларындағы әскери бөлімдер бойынша жөнелтіледі және сол жерде олар өздерінің міндеттерін атқаруға кіріседі, атап айтсақ: әскери даярлық, жауынгерлік және саптық машық-дағдыларын үйренуді, мемлекеттік эталондарды күзетуді, мемлекеттік-протоколдық іс-шараларға қатысуды, маңызды объектілерді күзету бойынша жауынгерлік қызметке түсуді бастайды.

Әскери антты салтанатты қабылдауға Алматы қаласы әкімдігінің өкілдері, қоғам қайраткерлері, Қазақстан республикасы Мемлекеттік күзет қызметінің ардагерлері, сарбаздардың ата-аналары мен жақын туыстары келді.

Келген қонақтарға сарбаздар өте қысқа мерзімде алған машық-дағдыларын: қарумен саптық амалдардың элементтерін, жауынгерлік машинаға отыруды және одан түсуді, қоян-қолтық ұрыс тәсілдерін көрсетті. Сондай-ақ салтанатты саппен өтті.

Көрермендерге Президенттік үрлемелі аспаптар оркестрі мен құрмет қарауыл ротасының өнерін көру мүмкіндігі берілді.

Еске сала кетсек, жақында Назарбаев Мемлекеттік күзет қызметінің жаңа бастығын тағайындады. Президент Мемлекеттік күзет қызметінің басшылық құрамына осы мекеменің жаңа бастығы Ардақ Әшімбекұлын таныстырған болатын.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
1
0
4
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel