RU
Қостанай облысындағы құс фабрикасында жарылыс болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Қостанай облысындағы құс фабрикасында жарылыс болды

Рассказать Вконтакте

Қостанай облысы Арқалық қаласының маңында "Агроинтерптица" ЖШС құс фабрикасында жарылыс болып, құс базасы ғимаратының бір бөлігі құлап кетті деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: worldofmeat.ru

Көрнекі фото: worldofmeat.ru
Source: Facebook

Төтенше жағдай Арқалық маңындағы құс фабрикасында түнде сағат екілерде орын алған. Алдымен қызметкерлер "Агроинтерптица" ЖШС аумағында құс базасы жанып жатқанын көріпті. Бұл нысан жас құстарды өсіру үшін қолданылған екен.

Анықталғандай, жарылыс салдарынан құстард қоректендіруге арналған "Bigdocman", "Salmac"маркалы арнайы құрал-жабдықтардың транспортер таспалары жанып кеткен. Жалпы өрт 300 шаршы алаңды қамтыпты.

Жарылыс та осы орында болған. Нәтижесінде газ баллонының жарылыс толқынынан база қабырғасының артқы бөлігі құлап кетіпті.

Оқиға орнына бірден келіп жеткен құтқарушылар өртпен таңға дейін күрескен. Абырой болғанда құстар да, адамдар да зардап шекпеген екен.

Бақытқа орай, өрт кезінде құс базасында тауықтар да болаған. Қазіргі уақытта материалдық шығын анықталып жатыр.

Ал өртке қатысты материалдар да полицияға жіберілген..

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel