RU

"Junior Eurovision-2018" байқауының көрсетілімі "Хабар 24" арнасына ауыстырылды

"Junior Eurovision-2018" байқауының көрсетілімі "Хабар 24" арнасына ауыстырылды деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Фото: viva.ua
Фото: viva.ua: Instagram

Техникалық себептерге байланысты 25 қараша күні сағат 21:00-де Минскіде өтетін "Балалар Евровидениесінің" тікелей эфирдегі көрсетілімі республикалық "Хабар 24" телеарнасына ауыстырылған.

Қазақcтан бұл өнер сайысына тұңғыш рет қатысып отыр. Ал байқауда еліміздің намысын Данэлия Тулешова қорғауда. Ол Ұлттық іріктеу конкурсының жеңімпазы болған.

Естеріңізге сала кетсек, телекөрермендердің дауыс беруі қарашаның 23-і мен 25-і аралығында junioreurovision.tv сайтында өтіп жатыр. Ал отандық қатысушы Тулешова тыңдармандарынан өзіне дауыс беруін сұрап, видео үндеу жолдаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765290-junior-eurovision-2018-bajkauyny-krsetilimi-habar-24-arnasyna-auystyryldy.html