RU
Жатырына ота жасатпақ болған алматылық келіншектің өліміне қатысты тың мәліметтер шықты
Жаңалықтар Қоғам

Жатырына ота жасатпақ болған алматылық келіншектің өліміне қатысты тың мәліметтер шықты

Рассказать Вконтакте

Алматы қаласында жатырына ота жасатпақ болып, жеке клиникада қаза тапқан 24 жастағы келіншектің өліміне қалалық денсаулық сақтау басқармасы жауап берді деп хабарлайды NUR.KZ.

Ақбота Жалмұратова. Фото: КТК арнасынан кадр

Ақбота Жалмұратова. Фото: КТК арнасынан кадр
Source: Instagram

Хабарламада қаза тапқан келіншектің оңтүстік өңірдің тумасы екені айтылған.

Ол "Ева" медициналық орталығында жатырындағы артық өскінді (ред: полип) алдырып тастамақ болған.

"Медициналық орталықтың мемлекеттік тапсырысы жоқ. Сондай-ақ қала тұрғындарымен кепілді медициналық көмек көлемінде жұмыс істемейді. Қазір Денсаулық сақтау департартаментіне осы медициналық орталықты тексеру үшін хат жаздық", - деп жазылған хабарламады.

Алдын-ала мәліметтер бойынша, 24 жастағы келіншектің қазасына анафилактикалық шок себеп болған. Ақбота Жалмұратоваға енгізілген препарат аллергиялық реакция тудырған.

Айта кетейік, қайтыс болған келіншектің артында 1,5 жасар және үш айлық екі баласы қалды.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыдағы жеке медициналық орталықта жатырына ота жасатпақ болған 24 жастағы келіншектің жүрегі тоқтап қалған еді.

Сіздің реакцияңыз
2
2
3
18
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel