RU

Данияр Елеусінов үшінші раундта қарсыласын нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы Данияр Елеусінов қарсыласын үшінші раундта нокаутқа жіберді. Никарагуалық боксшыны шаң қаптырған жерлесіміз бесінші жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Данияр Елеусінов. Фото:SportX.kz
Данияр Елеусінов. Фото:SportX.kz: Instagram

Елеусінов Монакода өткен "Казино де Монте-Карло" бокс кешінде Маркос Мохикамен жұдырықтасқан.

Қазақстандық боксшы қарсыласын нокаутпен жеңбес бұрын Маркос Мохиканы үш рет нокдаунға жіберген.

Айта кетейік, Данияр Елеусіновтің бұл кәсіби бокстағы бесінші жеңісі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765336-daniar-eleusinov-sinsi-raundta-karsylasyn-nokautka-ziberdi.html