RU

25 қараша күні еліміздің бірнеше өңірінде боран соғып, көктайғақ болады

25 қараша күні еліміздің бірнеше өңірінде боран соғып, көктайғақ болмақ. Синоптиктер Қазақстанның солтүстік бөлігінде қар жауатынын айтты деп хабарлайды "Қазгидрометке" сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:news.bigmir.net
Фото:news.bigmir.net: Instagram

Метеорологтардың мәліметінше, Шығыс Қазақстанда желдің жылдамдығы 30 м/с-қа дейін көтерілуі мүмкін. Сондай-ақ өңірде көктайғақ пен боран күтілуде.

Павлодар облысында да ұйытқыған боран күтілуде.

Күні кеше Павлодар облысының барлық тас жолдары жабылған болатын.

Солтүстік Қазақстан тұрғындарын да тұман мен көктайғақ күтіп тұр.

Сондай-ақ Жамбыл облысы мен Қарағанды облысын, Ақмола облысы мен Қостанай облысын да қатты жел мен боран, тұман күтуде.

Алматы облысында түнде жел екпіні 17-22 м/с-ге дейін көтеріледі. Алайда алматылықтарды күндіз -1'С көлеміндегі жылы ауа райы күтіп тұр.

Ал Қызылорда, Атырау, Ақтөбе, Түркістан, Маңғыстау облыстарында желдің жылдамдығы 15-20м/с-қа жетеді.

Астананың күндізгі ауа темперетурасы -10 градус шамасында болмақ.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765341-25-karasa-kni-elimizdi-birnese-irinde-boran-sogyp-kktajgak-bolady.html