RU
Ақтөбенің ең мұнайлы өңірінде ауыл жастары мал бағып кеткен (фото)
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбенің ең мұнайлы өңірінде ауыл жастары мал бағып кеткен (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтөбедегі ең мұнайлы ауылдың тұрмысымен NUR.KZ порталы танысып қайтты. 40 мыңға жуық тұрғыны бар өңір донор аудандардың бірі. Онда Ақтөбедегі ең алпауыт 15 мұнай компаниясы жұмыс жасап жатыр. Облыстағы өзін асырап отырған санаулы аудандардың бірі. Ауданда мұнай мекемелерінен түскен салықтан жалақы төленеді. Дәрігерлерден басқа барлық бюджеттік мекемелердің жалақысы аудандық бюджеттен төленіп отыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: Original

"Темір ауданы Ақтөбе мұнайының отаны. Ең алғаш мұнай шыққан жер. Жақсымай деген жерде алғаш мұнай өңделген. Бұл жердегі мұнайдың сапалылығы сондай бірден әскери техникаға құйылған. Сол себепті жер аты "Жақсымұнай" аталып кеткен. Қазір бұл жерде мұнай өндірілмейді. Сапалы болған соң жауып қойған. Бұл жерде әлі де мұнай бар. Тек қор ретінде сақталып тұр.

Ауданда екі мамандыққа сұраныс жоғары - мұнайшы және теміржолшы. Соңғы кезде халық елдің бәрі мұнайшы бола алмайтынын түсініп келе жатыр", - дейді Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағамбентов.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: Original

Мұнайлы ауылдың жастары жаппай мал бағуға көшкен

Аудандағы үш ауылда мұнай шығады: Кеңқияқ, Шұбарши, Сарыкөл. Ауыл халқы үш саламен табыс тауып отыр: мұнай, темір жол және егін. Соңғы кезде ауданда кәсіпкерлік қарқын алған: 700-дей кәсіпкер, 288 шаруа қожалығы бар екен.

"Шаруа қожалығымен айналысып отырғандардың дені жастар. Жастар қазір мал бағудың табыс көзі екенін түсінді. Бізде қазір қаладан ауылға келіп, мал бағып отырған жастар көп. Америкадан жүздің үстінде етті сиыр әкеліп, бағып отырғандар бар. Алма бағымыз бар. Ауыл азаматы бір гектар жерден алма алып отыр", - дейді Темір ауданының әкімі Жолдас Қалмағамбетов.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: Original

Кез келген ауылда тойхана бар

Ауылда жаңа аудан салынып жатыр. Ондағы үйлер мемлекеттік қызметкерлер мен үй кезегінде тұрған белгілі санаттағы азаматтарға жалға беріледі. Мұнайлы ауылда 10 млн теңгенің үстіне шығатын элиталы үйлер бар. Соңғы үш жылда отыздан аса үй қолданысқа берілген. Аудан орталығында үш-төрт мейрамхана бар. Жергілікті шенеуніктердің айтуынша, халық қазір үйге той жасауды қойған.

"Шағым айтатындар қазір де бар. Бірақ шағымның мағынасы өзгерді. Өсудің, болашақтың мәселелерін көтереді. Интернеттің жылдамдығын арттыруды, ауыз су сапасын сұрайды. Ауылдың халқы өздерін қаламен салыстырады. "Қалада бар, неге бізде жоқ" деп келеді. Мұндай ұсыныстар қуантады", - дейді аудан әкімі.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: Original

"Ауылдың қалаға көші тоқтады"

Темір ауданында 11 ауылдық округ, 25 елді мекен бар.

"Ауылдың қалаға көші тоқтады. Қалаға көшетін адам көшіп болды. Қиын кездері халық қалаға күн көру үшін көшетін. Қазір тек баламның оқуы үшін деген секілді мақсатты қоныс аудару бар. Ауданда 12 мыңға жуық көлік бар. Адамдар бұрын қымбат көліктерді байлық үшін алатын. Бүгінде тұрмыстық қажеттілік құрал екенін түсіне бастады. Көлік арқылы отбасына табыс түсіруді ойлайтындар көп. Ауылға жол салынып жатыр. Тұрғындар жүк көліктерін сатып алып жатыр", - дейді ауыл әкімі.
Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: Original

Мұнай үстінен аққан шипалы бұлақ

Ауыл тұрғындары жерлерін қасиетті санайды. Өңірде мұнайдың үстінен ағып жатқан шипалы бұлақ бар. Қазақтарға алғаш қажылық парызын өтеткен Досжан ишан да осы өңірде туған.

"Ауылдың ішінде екі-үш бұлақ бар. Ал шипалы бұлақтың айналасы қоршалған. Әсіресе, асқазаны ауыратындарға көмектеседі. Ауыл тұрғыны осы бұлақтың суын брендке айналдырып, саудаға шығаруды көздейді. Бірақ ақсақалдар киелі суды саудаға шығарса, су тоқтап қалады деп алаңдап отыр", - дейді әкім.

Ауылдың шетінде "Қалмақ қырылған жер" деген төбе бар. Жолаушылар бөгеліп, тағзым ететін жерге үлкен ескерткіш қойылмақ.

Сонымен қатар, ауыл нанмен де өзін қамтамасыз етіп отыр. Ауылдағы наубайханадағы нан бағасы 65 теңге. Онда күніге 2000-нан аса нан пісіріледі екен. Бал қымыз да саудаға шығарылған.

Мұнайлы өңірдегі ауыл әкімдерінің айлығы 190-230 мың теңгенің аралығы.

Сіздің реакцияңыз
6
1
0
0
5
14
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel