RU
Алматылық жүк тасушы 16 мың теңге үшін халықаралық пойызға жолаушы мінгізген
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық жүк тасушы 16 мың теңге үшін халықаралық пойызға жолаушы мінгізген

Рассказать Вконтакте

Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаменті теміржолшылардың мәселесін май шаммен қарауға кірісті. Саладағы барлық былықты (халықаралық пойызға билетсіз мінгендер, қыз зорлау оқиғасы, пойыздың сөресі құлаған балаға көмек көрсетілмегені) жайып салған агенттік өкілі теміржолшыларды ұялтты деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Фото: NUR.KZ

Фото: NUR.KZ
Source: Original

"Бұл қашанға дейін жалғасады? Жыл сайын мәселе азаюдың орнына көбейіп отыр. Көліктегі инспекция өкілдерімен рейд жұмыстары жасалды. Адамның аты көрсетілмеген билеттерді көрдік. Осы жағдайға жол берген кассир тәртіптік жазаға тартылды. Алматыда болған жағдай тіпті, сорақы. Билеті жоқ жолаушы үлкен көлемдегі оншақты сөмкелерімен пойызға кіру үшін Алматы вокзалындағы қарапайым жүк тасымалдаушыға 16 мың теңгеге беріп келіседі.

Нәтижесінде оншақты сөмкеге  күзетшілер арқылы қосымша есіктер ашылады. Қарапайым жүк тасушы жолсерікпен де келісіп, билеті жоқ жолаушыны халықаралық пойызға мінгізіп жібереді. Ойлаңызшы, қарапайым жұмысшы осындай мәселені шешкен. Сонда басқалар не істеп отыр? Ол сөмкелердің ішінде не бар екенін ешкім білмейді. Осындай жолмен жарылғыш зат кіріп кетсе қайтеміз?!", - деді мемлекеттік қызмет істері агенттігінің өкілі Рафхат Бисенов.

Агенттік соңғы кездері темір жол саласында болып жатқан жантүршігерлік жайттарға баса назар аударды.

"Сіздерге өзімнен де мысал айтайын. "Маңғышлақ - Астана" пойызына қанша рет міндім. Ешқашан әжетхана қағазы не қол жуғыш сабын болмайды. Бұл "сапа жоқ" деген сөз. Жедел медициналық қызмет көрсету үшін пойызда міндетті түрде дәрі қобдишасы болу керек. Сөре құлап, баланың жарақат алған оқиғасы жақында ғана болды. Сол жерде медициналық көмек көрсетілмеген.

Пойызда дәрі қобдишасы  болмаған. Кешегі қыз зорлауға қатысты жағдай да өте ұят! Не істеуге болады? Сол пойызбен біз де жүреміз. Сіздердің туыстарыңыз да жүреді. "Пойыздың іші лас" деп айтқанда сіздер ұялмайсыздар ма?  Бұл менің жеке пікірім", - деді агенттік өкілі.

Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлер теміржолшыларға электрондық сатудың жүйеленбегенін ескертті. Жеке куәлік базаға сәйкестендірілмеген. Бір адам базадан шектеусіз қалағанынша билет сатып ала алады. "Осы жерде алыпсатарлардың пайда болмасына кім кепіл?" деген өкілетті орган түсініспеушіліктерді жоюды тапсырды.

Сіздің реакцияңыз
2
0
1
0
0
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel