RU

Қазақстандық әнші Jah Khalib "Алтын граммофон" жүлдесіне ие болды (видео)

Қазақстандық әнші Jah Khalib (ред: Бахтияр Мамедов) Мәскеуде алғаш рет "Алтын граммофон" алды деп хабарлайды Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Әнші бұл жүлдені "Медина" әні үшін алған.

Салтанаттың жүргізушілері Иван Ургант пен Сергей Светлаков әншіден қандай сезімде екенін сұрады.

"Керемет бақытты сезімдемін. Бізге қолдау көрсететін барлық адамға, барлық командаға, ата-анама алғыс айтқым келеді", - деді Jah Khalib.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765359-kazakstandyk-nsi-jah-khalib-altyn-grammofon-zldesine-ie-boldy-video.html