RU
"Сіздерден қолдау күтемін": Данэлия Тулешова қазақстандықтарға үндеу жолдады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Сіздерден қолдау күтемін": Данэлия Тулешова қазақстандықтарға үндеу жолдады

Рассказать Вконтакте

Қазақстанның атынан "Балалар Евровидениесі -2018" байқауына қатысатын Данэлия Тулешова қазақстандықтарға үндеу жолдады. Жас орындаушы өзінің тыңдармандарынан дауыс беріп, қолдау көрсетуін өтінген деп хабарлайды NUR.KZ.

"Бүгін бәрі шешіледі. Мен тағы бір биікті бағындыра аламын ба, оны уақыт көрсетеді. Қазір сіздердің дауыс берулеріңізге сұраймын", - деп жазды Данэлия Instagram парақшасында.

Сондай-ақ Данэлияға қолдау білдіру керектігін айтып, Ләйлә Сұлтанқызы, Айгүл Мүкей, Мейрамбек Бесбаев, Ескендір Хасанғалиевтер де желіде жазба қалдырған.

Айта кетейік, мына жерден дауыс бере аласыз >>

Алматылық Данэлия Тулешова "Өзіңе сен" әнін орындайды.

Ал тікелей эфирді "Хабар" телеарнасы көрсетеді.

Естеріңізге сала кетейік, дауыс беру 25 қараша күні байқау басталғанда жабылады.

Алайда барлық орындаушылар өз өнерін көрсетіп болған со, начала трансляции минут ішінде қайта дауыс беруге болады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel