RU
26 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

26 қарашаға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін зодиак белгілері дау-дамайға араласпағандары абзал. Маңызды мәселелерді шешуді басқа күнге қалдырған жөн. supercook сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 26 қарашаға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

fakty.ua

Көрнекі фото:fakty.ua

1. Тоқты

Күннің бірінші жартысында әрбір істе сізді сәттілік күтіп тұр, тек өзіңіз білмейтін іске араласпаңыз. Өз күшіңіз бен мүмкіндіктеріңізді дұрыс бағалаңыз. Күннің екінші жартысында өзіңізге деген сенімділік салдарынан қиындықтар, жарақаттар, аурулар туындауы мүмкін. Мүмкіндік болса, бүгінгі кешті үйден тыс жерде, мысалы, достарыңыздың үйінде өткізгеңіз жөн. Соның арқасында шығармашылық әлеуетіңіз артады.

2. Торпақ

Бүгін жеке басыңызды ғана ойлап, өз істеріңізбен ғана айналыспауға тырысыңыз. Жақындарыңыз бен достарыңызбен араласу үшін де уақыт қалдырыңыз. Сіздің немғұрайдылығыңыздан қиналатын жақындарыңызды да бір сәт ойлаңыз.

3. Егіздер

Дұшпаныңыз сізді аяқтан шалуға тырысқанымен, өзі ыңғайсыз жағдайға қалуы мүмкін. Ал сіз өш алуға тырыспаңыз, сонда өзіңізді жақсы жағынан көрсетіп, абыройыңызды арттырасыз. Кәсіби салада өзгерістер болуы мүмкін. Ынтаңыздан айырылмай, алған бетіңізден қайтпаңыз.

4. Шаян

Күйгелектік пен жабырқаулы көңіл-күйіңізді ескермесек, денсаулығыңыз жақсы деуге болады. Денсаулығыңызды қалай нығайту керегін ойлаңыз. Бүгін өзгерістер болып, жаңа адамдармен танысуыңыз мүмкін. Ішкі түйсігіңізге құлақ асып, жағымсыз адамдармен араласпаңыз.

5. Арыстан

Бүгін сізді сәттілік күтіп тұр, тек күшіңізді дұрыс бағалап, серіктесіңіздің мүмкіндіктерін де ескеріңіз. Өзіңізге тым сенімді не сенімсіз болсаңыз, қиындықтар туындауы мүмкін. Отбасыңызда кикілжіңдер болуы мүмкін. Жұлдыздар кешті үйден тыс жерде, театрда немесе достарыңыздың үйінде өткізуге кеңес береді. Сонда жұбыңызбен ұрыс болмайды, қарым-қатынасыңыз да бұзылмайды.

6. Бикеш

Таныстықтар мен шығармашылық кездесулер үшін қолайлы күн. Бүгінгі кешті достарыңызбен бірге өткізіңіз. Сізді, көзқарастарыңызды қолдайтын адаммен сөйлесуге тырысыңыз. Соның нәтижесінде өмірлік және шығармашылық әлеуетіңіз артады.

7. Таразы

Бүгін таразылар үшін ауыр күн. Сізде зерігу, қанағатсыздық, ашушаңдық сынды сезімдер пайда болуы мүмкін. Ұрыс пен жанжалдар болуы мүмкін. Бойыңыздағы қырсықтық, менмендік, екіжүзділік сынды жағымсыз қасиеттеріңізге көңіл бөліп, олардан арылуға тырысыңыз.

8. Сарышаян

Екі жақты күн. Күннің бірінші жартысында өзіңіз тәуелді адаммен әңгіме болуы мүмкін. Оның салдары күтпеген болуы мүмкін. Маңызды шаруаларды күннің екінші жартысына қалдырыңыз, сонда тепе-теңдік орнатып, бәрі жақсы шешіледі. Бүгін жаттығу жасаған пайдалы. Бүгін көрген түстер аян береді, нақты ақпаратты хабарлайды.

9. Мерген

Қаржылық операциялар үшін қолайлы күн. Мәмілеге келіп, басшылыққа адал болсаңыз, табыс табасыз. Жаңа серіктестер немесе құдіретті демеушілеріңіз пайда болуы мүмкін. Жаңа табыс көздерін табуыңыз ықтимал. Қырсықтық пен ішкі еркіндіктен арылмауға талпынысыңыз кез келген ісіңізді жоққа шығаруы мүмкін. Түйсігіңізге құлақ асыңыз, ол дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

10. Тауешкі

Жаңа таныстықтар орнатып, шығармашылық кездесулер мен ойдағыны жүзеге асыру үшін таптырмайтын күн. Бүгін қысқа уақытқа болса да қаржылық жағдайыңызды жақсарып, ісіңіз ілгері басады. Бұрын берген уәделеріңіз үшін қиындықтар туындауы мүмкін. Абыройыңызға нұқсан келуі ықтимал.

11. Суқұйғыш

Махаббат, кешірім, тәубеге келу күні. Ғибадатханаға барған жөн. Өзіңізді кінәлі сезінсеңіз, кешірім сұраңыз, сізді ренжіткен адамды кешіріңіз. Ер суқұйғыштарға қиындықтарға қатты мән бермеуге кеңес беріледі. Бұл жақындарыңызбен ұрыс-керістер тудыруы мүмкін.

12. Балықтар

Сізден жасы үлкен туысыңызбен түсінбеушіліктер туындауы мүмкін. Сезімдеріңізге ерік бермеңіз. Жақындарыңыздың кеңестеріне құлақ асқаныңыз жөн. Үлкен зат немесе мүлік сатып алу үшін қолайсыз күн. Адам көп жиналатын шараларға, сауықкештерге бармаңыз. Жазатайым жағдайлар болу ықтималдығы жоғары.

Сіздің реакцияңыз
0
1
1
0
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel