RU
Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзовамен татуласқанын айтты (видео)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Мөлдір Әуелбекова Баян Алагөзовамен татуласқанын айтты (видео)

Рассказать Вконтакте

"Кешью" тобының бұрынғы әншісі Мөлдір Әуелбекова ұстазы Баян Алагөзовамен татуласқанын мәлім етті. Әнші өзінің бұрынғы продюсерімен кездесіп, концертке шақырғанын да айтты. Арадағы көп шулы оқиғадан кейін Баян Алагөзова мен Мөлдір Әуелбекова бұрынғы өкпе-ренішті ұмытқан деп хабарлайды Тимур Балымбетовтің "Шыны керек" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мөлдір Әуелбекова, Баян Алагөзова. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Мөлдір Әуелбекова, Баян Алагөзова. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Source: Instagram

"Шудың бәрі араға іріткі салудан болды ғой. Баян ханымның басынан өткен жағдайлардан соң, ол кісі өзгерді. Мен ол кісілерді шақыруға міндеттімін. Мен бақыттымын! Бақытты шәкіртпін деп айтайын. Қандай жағдай болса да менің жасым кіші. Ол кісілерге барып, кешірім сұрағаннан, концертіме шақырғаннан кішірейіп қалмаймын. Өзі сондай уақыт келді ғой. Арада қанша жыл өтті. Қашанғы жүре береміз?", - деді Мөлдір Әуелбекова.

Ал бағдарлама жүргізушісі Бағым Мұхитденованың Әуелбековаға өкпесі қара қазандай екенін айтты.

"Мен үшін ондай адам жоқ. Онымен қайта қарым-қатынасым болмайды. Оның да менімен араласқысы келмейді" деп айтқан болатын Бағым Мұхитденова", - деп Тимур Балымбетов Әуелбековаға сұраулы жүзбен қарады.

"Енді дұрыс қой. Ол кісілердің жасы үлкен. Мен жас болғандықтан, менің де қателіктерім болды. Баян ханыммен кездестім. Енді Бағым ханымға барамын. Өйткені, менің дауысымды қойған, ән әлеміндегі орнымды қалыптастырған сол кісі. Ол кісілерді қатты сыйлаймын", - деді Әуелбекова.

Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекованың әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
7
0
0
1
0
11
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel