RU
Марқұм сүйіктісіне тұрмысқа шыққан қалындық көпшілікті жылатты
Жаңалықтар Калейдоскоп

Марқұм сүйіктісіне тұрмысқа шыққан қалындық көпшілікті жылатты

Рассказать Вконтакте

Америкада Аризона штатына қарасты Тусон қаласының тұрғыны марқұм сүйіктісіне тұрмысқа шығып, дүйім жұртты таңғалдырды. Дебби Герлак жантүршігерлік жол апатының салдарынан өмірлік серігінен айырылған. Ғашығының қазасына көндіге алмаған ару той белгіленген күні ерекше фотосессия жасап, көпшілікті жылатты деп жазады bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Nation Multimedia

Фото: Nation Multimedia
Source: Instagram

2018 жылдың 11-ші қараша күні Дебби Герлак пен Рэнди Циммерман отбасын құру керек болған. Алайда, орын алған жантүршігерлік жол апаты санаулы айдан соң үйленуге тиіс болған күйеужігіттің өмірін қыршыннан қиды.

Фото: Nation Multimedia

Фото: Nation Multimedia
Source: Getty Images

Қайғыдан қан жұтқан ару некесін қидырмақ болған шіркеуде сүйіктісінің ақтық сапарға шығарып салды.

Рэндидің өлімінен кейін Дебби біразға дейін оған деген сағынышын әлеуметтік желіде жазуды тоқтатпады. Бойжеткеннің әрбір жазбасы марқұм ғашығына арналған еді.

"Үй жинап жүріп, Рэндидің соңғы жаттығуына киіп барған киімін тауып алдым. Басқа біреу болса мынау недеген сасық киім деуші еді. Алайда, мен үшін бұл ерекше жағдай. Мен оның киімін иіскеп жылай бердім.
Сүйіктілеріңізге шашылып жатқан заттар үшін ұрысудың қажеті жоқ. Себебі, олар күндердің бір күнінде мүлде жоқ болып кетуі мүмкін. Сол кезде менің күйімді кешіп, сасық киімге де зар болып қаласыздар" , - деп өз кеңесін берді Дебби.
Фото: Nation Multimedia

Фото: Nation Multimedia
Source: Twitter

Рэнди екеуі отбасын құруы тиіс болған күні Дебби көпшілікті мүлде таңғалдырды. Ол той белгіленген күні қалындық көйлегімен арнайы фотосессия жасап, оқырмандарын жылатты.

Фото: Nation Multimedia

Фото: Nation Multimedia
Source: Instagram

"11.11.18. Дәл бүгін мен ең жақын досыма тұрмысқа шығып, Циммерман тегіне ие болуым тиіс еді. Таң атысымен ақ көйлегімді киіп, Рэнди екеуміз туыстарымыздың алдында бір-бірімізге сезім білдіретін күн еді.
Алайда, белгілі себептермен менің аңсаған арманым орындалмады. Бір адамның шешімі менің өмірімнің астан кестенін шығарды. "Тоқта" белгісіне тоқтауды жөн санамаған адам, қарама-қарсы бағытта мотоциклмен келе жатқан Рэндиді байқамай қағып түсірді.
Өтінемін жолда абай болыңыздар. Мүмкін сол кісі асықпағанда мен сүйіктімнің жұбайы атанар ма едім? Кім біледі?" , - деген жазба қалдырды ару.
Фото: Nation Multimedia

Фото: Nation Multimedia
Source: Twitter

Графикалық редактордың көмегімен фотограф ақ көйлектегі қалындықтың қасына марқұм сүйіктісінің бейнесін жалғап қойды. Көпшілік бұл фототүсірілімді көріп, көз жасын тыя алмағанын жазды. Олар Рэндидің қалындығын мәңгі қорғаштап жүретін періште сыңайлы екенін айтуда.

Фото: Nation Multimedia

Фото: Nation Multimedia
Source: Getty Images

Фото: Nation Multimedia

Фото: Nation Multimedia
Source: Twitter

Айта кетейік, екі аптаның жүзінде фотосет 300 мың лүпіл мен 130 мың репостқа ие болды. Желі оқырмандары бойжеткенге өз қолдауын білдіріп жатыр.

Фото: Nation Multimedia

Фото: Nation Multimedia
Source: Twitter

Фото: Nation Multimedia

Фото: Nation Multimedia
Source: Instagram

Фото: Nation Multimedia

Фото: Nation Multimedia
Source: Getty Images

Фото: Nation Multimedia

Фото: Nation Multimedia
Source: Getty Images

Сіздің реакцияңыз
1
3
1
35
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel