RU
Ресейде қазақстандық жұмысшылар тәжіктермен төбелесіп қалған (видео)
Жаңалықтар Әлемде

Ресейде қазақстандық жұмысшылар тәжіктермен төбелесіп қалған (видео)

Рассказать Вконтакте

Ресейдің Амур облысындағы зауыттардың бірінде қазақстандық жұмысшылардың қатысуымен төбелес болған. Төбелес видеоға түсіріліп, әлеуметтік желіде жарияланған деп хабарлайды Zakon.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

saratovnews.ru

Фото:saratovnews.ru
Source: Facebook

Оқиға 22 қараша күні болған екен.

ІІМ-нің ресми өкілі Алмас Садубаевтың мәліметінше, ресейлік полицейлер екі ел азаматтарының арасындағы төбелестің не себепті болғанын анықтап жатыр екен.

Қазіргі таңда төбелеске қатысқан азаматтардың барлығының аты-жөндері анықталған.

Қақтығыстың не себепті болғаны белгісіз деп хабарлайды РЕН ТВ арнасы. Төбелес салдарынан екі адам жарақат алған.

Жәбірленушілердің біреуі ауруханаға жеткізілсе, екіншісінің иегі сынған, алайда ол стационарлық емдеуді қажет етпейді екен.

Кінәлілер анықталғаннан кейін олар Ресей аумағынан жер аударылады.

Назар аударыңыздар! Видеода балағат сөздер бар!

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
3
0
0
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel