RU
Алматы-Талдықорған тас жолында шағын автобус жол апатына түсті (видео)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Алматы-Талдықорған тас жолында шағын автобус жол апатына түсті (видео)

Рассказать Вконтакте

Алматы-Талдықорған тас жолында шағын автобус жантүршігерлік жол апатына ұшырады. Көлік ішінде 17 адам болған деп жазады Sputnik Қазақстанға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: видеодан кадр

Фото: видеодан кадр
Source: Instagram

Оқиға орнынан түсірілген видео желіде тарады. Жеті адам зардап шеккен жол апаты түскі уақытта болған.

Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізушімен бірге көлік ішінде 17 адам болған.

Медицина қызметкерлерінің тексерісінен кейін 10 адам үйіне жіберілсе, қалған жетеуі жақын маңдағы ауруханаға жеткізілген.

Қазіргі таңда, оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалды. Автобус жүргізушісі жол ережесін бұзғаны үшін айыпталуда.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel