RU
Ақшадан тарыққан ана алты жасар қызын үш мың долларға сатып жіберді
Жаңалықтар Әлемде

Ақшадан тарыққан ана алты жасар қызын үш мың долларға сатып жіберді

Рассказать Вконтакте

Ауғанстанда шарасыз ана өз жанұясын асырау үшін алты жасар қызын сатып жіберген. Бұл туралы newsone.ua сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: mazhab.kz

Көрнекі фото: mazhab.kz

Ауғанстанның солтүстік-батысындағы лагерьге келген үш баланың анасы Мамарин кедейліктен қызын үш мың долларға сатуға мәжбүр болғанын айтады.

"Ауылда қуаңшылық болған соң кетіп қалдым. Осында келе жатқанда көмек болады деп ойлағанмын, бірақ болмады. Менің тек қана 70 долларым қалды. Балаларым аш қалмас үшін қызымды бір ер адамға үш мың долларға саттым. Мүлде ақшам жоқ, ал күйеуімді өлтіріп кетті", - дейді ол.

Енді Мамариннің қызы өзін сатып алған азаматтың 10 жастағы ұлына тұрмысқа шықпақ.

Әйелдің сөзінше, қызы әлі өзінің сатылғанын, басқа отбасыға кетуі керек екенін білмейді.

Сіздің реакцияңыз
0
1
5
3
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel