RU
Астана тұрғыны Бақыт Сұлтановты қар күреуге шақырды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Астана тұрғыны Бақыт Сұлтановты қар күреуге шақырды (видео)

Рассказать Вконтакте

Елорданың тұрғыны Ауыт Мұқибек өз Facebook парақшасында Астана қаласының әкімі Бақыт Сұлтановқа қар күреу эстафетасын жолдады. Азамат бұл іске барлық Астана халқын жұмылдыру қажеттігін айтқан деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: vestikavkaza.ru, facebook.com/ Коллаж: NUR.KZ

Фото: vestikavkaza.ru, facebook.com/ Коллаж: NUR.KZ
Source: Twitter

Ауыт Мұқибек қала әкіміне "Қар күреу эстафетасын" бастап беруді сұраған.

"Бұл жоба біріншіден, Елбасы жолға қойған салауатты өмір салтын қалыптастыру тапсырмасының нақты іспен көрсетілуі болар еді. Күні-бойы компьютерге тесіліп отыратын қызметкерлердің алпыс екі тамырына қан жүгіртіп, құрыс-тырысын жазып, бойына күш-қуат жинар еді. Одан да маңыздысы, билік өкілдерінің қол астындағы қызметкерлерімен жақынырақ араласуына, былайғы халыққа үлгі боларына тамаша орай жаратады.
Екіншіден, үкімет бюджетіне түсетін салмақ барынша жеңілдегелі тұр! Қысқасы, мұз жастанып, қар төсеніп өскен қазақ баласына қар күреу - жұмыс емес! ", - деп жазған ол.

Айта кетейік, осыған дейін Астанада аула тазалаған балақай көпшілікті тәнті еткен болатын.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
0
4
8
3
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel