RU

Димаш Құдайберген әйгілі қытай миллиардерімен түскен суретін көрсетті (фото)

Жақында ғана Лондонда жеке концертін өткізген Димаш Құдайберген әлемге әйгілі миллиардер, Alibaba Group интернет-компаниясының негізін қалаушы Джек Мамен кездесті. Әнші бұл суретімен өз Instagram парақшасында бөліскен деп хабарлайды NUR.KZ.

Суреттен қазақстандық әнші мен миллиардердің бильярд үстелінде тұрғанын аңғаруға болады.

Бұл жазба бір тәулікке жетер-жетпес уақытта 70 мыңнан аса лүпіл мен мыңнан аса пікір жинаған.

"Alibaba"негізін қалаушы Джек Мамен бірге. Қайта кездескеніме қуаныштымын",- деп жазған ол сурет астына.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765457-dimas-kdajbergen-jgili-kytaj-milliarderimen-tsken-suretin-krsetti-foto.html