RU
Маңғыстауда тұрғын үйде жүргізілген дезинсекциядан екі адам ажал құшты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Маңғыстауда тұрғын үйде жүргізілген дезинсекциядан екі адам ажал құшты

Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысының Мұнайлы ауданында тұрғын үйді дезинсекциялау кезінде бес адам уланып, екі адам көз жұмған. Бұл туралы inaktau.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

ligamos.ru

Көрнекі фото:ligamos.ru
Source: Facebook

Оқиға 23 қараша күні болған. Маңғыстау облысындағы елді мекендегі тұрғын үйдің бірінде жүргізілген дезинсекция жұмыстары адамдардың улануына себеп болған.

Тұрғын үй пәтерлерінің бірінде тұрғындар қандала анықтап, "Таракан Нет" ЖШС қызметкерлерін шақырып, пәтерлерінде дезинсекция жүргізген.

Қоғамдық денсаулықты сақтау департаментінің мамандары төтенше жағдай орнынан сынамалар алған, нәтижелері көп ұзамай белгілі болады.

Улану салдарынан 1989 жылғы әйел адам мен екі жастағы қыз бала көз жұмған.

Оқиғадан бір тәулік бұрын қыз бала улану диагнозымен ауруханаға түскен екен.

"Баланың жағдайы сәл дұрысталғаннан кейін әжесі дәрігерлердің кеңестеріне құлақ аспай, оны үйіне алып кетті", - деп мәлімдеді дәрігерлер.

23 қараша күні қыз баланы 11.43-те балалар инфекциялық ауруханасына "белгісіз затпен улану" диагнозымен жеткізілген. 17.30-да екі жасар балақай ауруханада көз жұмған.

Қалған үш зардап шегуші Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр, жағдайлары орташа деп бағалануда.

Көп қабатты тұрғын үйдің тұрғындарына қаржылай көмек көрсетіліп, уақытша тұратын жер берілген.

Екі күдіктіге қатысты қылмыстық кодекстің 104 бабы (Абайсызда кісі өліміне әкеп соғу) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel