RU
Ақтаулық ару "Miss Asia Russia-2018" байқауында ел намысын қорғамақ (фото)
Жаңалықтар Денсаулық және сұлулық

Ақтаулық ару "Miss Asia Russia-2018" байқауында ел намысын қорғамақ (фото)

Рассказать Вконтакте

Ақтаулық Жәмиля Нұралиева "Санкт-Петербург Азия аруы" байқауында үздік үштікке кіріп, "Miss Asia Russia-2018" сайысына жолдама алды. Бұл сында бойжеткен Қазақстан атынан шығып, ел намысын қорғайды деп жазады "Ладаға" сілтеме жасаған NUR.KZ.

16 қараша күні өткен "Санкт-Петербург Азия аруы" сайысының ақтық сынында "Miss Asia Russia-2018" байқауына Қазақстан атынан шығатын жалғыз арудың есімі анықталды. Бұл мәртебеге ақтаулық Жәмиля Нұралиева ие болды.

Алайда, бойжеткен бұл сынға қатысатын жағыз қазақ қыз емес екенін жеткізді.

"Тағы бір қазақ қыз бар. Бірақ ол сайыста Тюмень атынан шығатын болады. Қатысушы қыздардың басым көпшілігі Ресейде тұрып жатқандықтан, олар өз қалаларының атынан қатысады.
Мен сияқты өзге ел азаматшалары сайыста өз мемлекетінің намысын қорғайды. Анықталғандай байқауға Қазақстан атынан мен ғана шығатын болдым. Маған осындай мүмкіндік берген ұйымдастырушыларға шексіз алғыс. Өз елімнің атынан қатысу үлкен жауапкершілік пен мәртебе", - деп ағынан жарылды Жәмиля.

"Miss Asia Russia-2018" байқауының ақтық сыны 30 қараша күні орын алмақ.

Сіздің реакцияңыз
6
0
2
0
0
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel