RU
Қалыңдығының "қыз емес" екенін білген астаналық жігіт оны тастап кетті
Жаңалықтар Қоғам

Қалыңдығының "қыз емес" екенін білген астаналық жігіт оны тастап кетті

Рассказать Вконтакте

Астанада неке агенттігінде танысқан қос жұп, көп ұзамай ажырасып кеткен. Айырылысудың басты себебі – қалыңдық пәк емес болған. Мамандар мұндай жағдайлар кейінгі жылдары жиі орын алатынын айтады деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: quotesideas.com

Көрнекі фото: quotesideas.com
Source: Facebook

Таныстықтарынан кейін екі айдан соң айырылсқан жұптың оқиғасын жергілікті неке агенттіктері бірінің маманы әңгімелеп берді. Айтуынша, тойға дайындалып жатқан қалыңдықты жігіті "қыз емессің" деген желеумен тастап кеткен.

"Бізге осында 35 жастағы жігіт келіп көмек сұрады. Өзінің талаптарын айтты. Соған сай қыздарды таңдауға кірістік. 25 жастағы, оқыған, тәп-тәуір қызметі бар бойжеткенді таныстырдық. Екеуі әп-әдемі сөйлесіп, таныстықтарын жалғастырып жатты. Жігіттің жасы үлкен, қазір-ақ үйленемін деген шешімге келді.

Қалыңдық та тойға дайындықты бастап кеткен еді. Алайда, танысқандарына екі ай өткен соң, әлгі жігіт "үйленбеймін, ажырасып кеттік" деп айтты. "Неге?" деп сұрағанымызда, "Ойымдағы ару емес, оның үстіне маған дейін жігіті болған, пәк емес" деді. Сондай жағдайлар жиі орын алатын болды. Өкініштісі, біздің агенттікте мұндай оқиғалар бірнеше рет қайталанды", - дейді маман.

Агенттік өкілі, сонымен бірге, бойжеткендердің де жігіттерге қояр талабы да күшейгенін жеткізді.

"Оқыған, үйі, көлігі болса екен дейді. Бұған қоса, ата-анасынан бөлек тұрса екен деген талап қойып жатады. Біздің уақытымызда мұндайдың бірі болмайтын. Расымен де, бойжеткендер қазір қалталы жігіттерге көп қарайтын болған. Бірақ, клиент болған соң талаптарын орындауға тура келеді.

Меніңше, ер адамдардың қалтасына қарау дұрыс емес, бәрін жоқтан бастап, кейін де көп дәулетке кенелуге болады. Қыздардың көпшілігі осындай талаптар қойып алады да, кейін "ойымдағы адамды кездестірмедім" деп отырып қалып жатады. Сондықтан, басы бос, бойдақ қыздарға айтарым жігіттің байлығына қарамаңыздар, өздеріңізді сыйлайтын, шеміңізге құрметпен қарайтын адамның етегінен ұстауға тырысыңыздар",-дейді маман.

Сіздің реакцияңыз
2
3
2
7
1
19
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel