RU
Оқушының апат орнына жазып кеткен хаты жұрттың жүрегін елжіретті
Жаңалықтар Әлемде

Оқушының апат орнына жазып кеткен хаты жұрттың жүрегін елжіретті

Рассказать Вконтакте

АҚШ-тың Буффало қаласының 21 жастағы тұрғыны "Twitter" әлеуметтік желісінде өз көлігін тұраққа қойып кеткенін жазған. Алайда ол қайта оралғанда темір тұлпарының майысып қалғанын байқапты. Сол мезетте ашуға булыққан жігіт оқиғаның қалай болғаны баяндалған хатты көреді. Мектеп оқушысының әрекеті туралы шетелдік БАҚ өкілдері жарыса жазуда деп хабарлайды Life сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Эндрю бұл қағаздағы жазуларды атын көрсетпеген алтыншы сынып оқушы жазғанын айтады. Сондай-ақ, жігіт кішкентай қыздың көмегімен өз көлігіне зардап тигізген азаматты тапқанын жеткізді.

"Менің екі мың долларымды үнемдеуге көмектескен алтыншы сынып оқушысына көп рахмет", - деп жазған ол.

Ал хат жазып қалдырған мектеп оқушысы оқиғаның мән-жайын түгел баяндаған. Ол көлікті майыстырған 449 нөмірлі автобус екенін, күнде кешке ол оқушыны үйге алып келетінін жеткізіпті.

Оның сөзінше, бұл жолы ол байқаусызда жігіттің көлігін майыстырып кеткен екен. Белгісіз қыз хатында автобус пен айқайлаған балалардың да суретін салып кетіпті.

Жігіттің хат туралы жазған жазбасы әлеуметтік желіде 1,2 млн лүпіл жинаған. Ол алтыншы сынып оқушыларының жетекшісімен сөйлесіп, қолжазбаның кімге тиесілі екенін анықтапты. Енді жігіт кішкентай қыздың өзіне барып, алғыс айтқысы келеді.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
1
6
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel