RU
Алматылық белсенді 28 панфиловшылар саябағын Кенесары деп өзгертуді ұсынды (видео)
Жаңалықтар Қоғам

Алматылық белсенді 28 панфиловшылар саябағын Кенесары деп өзгертуді ұсынды (видео)

Рассказать Вконтакте

Зыряновск қаласының атауын Алтай деп өзгерту туралы ұсыныс тастаған топтың арасында болған белсенді Марғұлан Боран билік өкілдерінен 28 панфиловшылар саябағының атауын Кенесары ханның құрметіне өзгертуді өтінді. Оның сөзінше, Мәскеу түбінде ешқандай ерлік болмаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан скриншот/ Youtube, On Правые арнасы

Фото: Видеодан скриншот/ Youtube, On Правые арнасы
Source: Facebook

Алматылық Марғұлан Боранбай Кеңес Одағының әскери прокуратурасының тергеуіне сілтеме жасап, өз бастамасын ұсынды.

Фото: facebook.com/margulan.boranbay.7

Фото: facebook.com/margulan.boranbay.7
Source: Facebook

"Красная звезда" газетінің әдеби хатшысы Александр Кривицкий 28 гвардиялық панфиловшылардың 1942 жылдың 22 шілдесіндегі очеркінде сипатталған ерлігі толығымен ойдан шығарылғанын мойындады.
Ал тергеу себебі әскери прокуратураның Дубосеково разъездіндегі 18 фашистік танкке қарсы соғысқа қатысқан 28 гвардияшылардың бірі Иван Добробабиннің тұтқындалуы болған еді.
Кеңес одағының әскери прокуратурасы 1948 жылы 10 мамыр күні бұл шайқастың болмағанын анықтады. Дубосеково маңындағы соғыстың болмағаны туралы ақпаратқа сүйене отырып, мен паркті Кенесары ханның атына өзгерту және мемориалды "Әскери даңқ" мемориалы деп атау мәселелерін қарастыруды өтінемін.
"Ресей-кең-байтақ, бірақ шегінерге жол жоқ, артымызда-Мәскеу" деген сөздердің айтылмағаны, ешқандай ерліктің болмағаны анық болған соң Алматыда жалған сөздер жазылған саябақтың тұрғаны ақымақтыққа жатады.
Менің бұл ұсынысымды барлық алматылықтар мен қазақстандықтар қолдайды деп есептеймін", - дейді Марғұлан Боранбай.

Саябақ атауын өзгерту туралы ұсынысқа тарих ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры Гүлжазира Көкебаева пікір білдірді.

Фото: Азаттық радиосы

Фото: Азаттық радиосы
Source: Facebook

Сондай-ақ, ол "Ұлы Отан соғысы" терминін кеңес насихатшылары екінші дүниежүзілік соғысты Кеңес Одағы ашқанын және ол 1941 жылы 22 маусымда емес, кеңестердің Германиямен бірге 1939 жылы 1 қыркүйекте, Польшаға шабуыл жасаған уақытында басталғанын жасыру үшін арнайы ойлап тапқанын айтты.

"Кривицкий Мәскеу түбіндегі шайқастарды жинақтап жазған. Ол 28 панфиловшылардың ерлігін ойлап тапқан. Сол үшін парк атауынан 28 санын алып тастауға болады. Алайда панфиловшылар дивизиясы өте көп ерліктер жасаған. Сондықтан мемориал атауын "Әскери даңқ" деп өзгерту, саябақ атауын Кенесары деп өзгерту артық. "Ресей- кең-байтақ..." деген сөздерді алып тастауға болатын шығар, ал гвардия-панфиловшылардың есімдерін қалдыру керек.
Негізі Ұлы Отан Соғысы деген атау да ойдан шығарылған. Ол соғысты КСРО бастағанын жасыру үшін айтылған. 1939 жылы 1 қыркүйекте фашистік Германиямен келісімге келген КСРО Польшаға шабуыл жасайды. Сонда Сталин мен Гитлер елді бөліп алған. Ал осы жылдың 30 қараша күні Кеңес Одағы Финляндияға шабуыл жасаған. Бейбіт елге күш қолданғаны үшін КСРО Ұлттар Лигасынан шығарылған",- дейді тарихшы ғалым.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
2
19
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel