RU

Смайылов: Қаржы министрлігі жаңа жылды тойламайды

Қаржы министрі Әлихан Смайылов ведомствода жаңа жылдық кеш өтпейтіні туралы айтты деп хабарлайды NUR.KZ тілшісі.

Әлихан Смаилов. Фото: bnews.kz
Әлихан Смаилов. Фото: bnews.kz: Instagram
"Біз жаңа жылды тойламамыз. Бірақ қызметкерлер өздері қаласа ақша жинай берулеріне болады. Бұл әр адамның өз шаруасы", - деді министр.

Әлихан Смайыловтың айтуынша, мемлекеттік органдар бюджетінде жаңа жылдық көңіл көтеру кештеріне қаржы қарастырылмаған.

"Мемлекеттік органдарда мерекелік кештер мақсатты түрде қаржыландырылады. Ал нақты жаңа жыл кешін тойлау мақсаты ешбір органда жоқ", - деп толықтырды ол.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1765479-smajylov-karzy-ministrligi-zaa-zyldy-tojlamajdy.html