RU
Ресей мен Украина БҰҰ кеңесінен кезектен тыс жиынын шұғыл өткізуді сұрады
Жаңалықтар Әлемде

Ресей мен Украина БҰҰ кеңесінен кезектен тыс жиынын шұғыл өткізуді сұрады

Рассказать Вконтакте

Мәскеу Керчь бұғазында орын алған Киевпен қақтығыстан кейін тез арада БҰҰ кеңесінен кезектен тыс жиынын өткізуді сұрап отыр деп хабарлайды РИА Новостиге сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: ТСН

Көрнекі фото: ТСН
Source: UGC

Ресей өкілінің орынбасары Дмитрий Полянский айтып бергендей, 26 қараша күні таңертең Қауіпсіздік кеңесінің жиынын шұғыл түрде шақырту туралы өтініш жасалған.

Алдын ала мәлімет бойынша, аталмыш жиын дүйсенбі күні Астана уақытымен 22:00-де өтуі тиіс. Негізі тақырып "Халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау" болмақ.

Дәл осындай ұсыныс украиналық тараптан да түскен деп хабарлайды Укринформ.

Укрина өкілдерінің мәліметінше, бұл ұсыныс Азов және Қара теңіздегі Ресейдің озбырлық әрекеттеріне қатысты жасалған.

Қазір екі тарап та БҰҰ-ның Қауіпсіздік кеңесіне төрағалық ететін елден (Қытай) жауап күтіп отыр.

Еске салсақ, 25 қараша күні бұғазда ресейлік шекарашылар мен украиналық кеменің үш қызметкері арасында кикілжің туындаған.

Ресей өкілдері кемедегі әскери қызметкерлердің мемлекеттік шекараны бұзып, талаптарға ешбір жауап қатпағанын айтуда. Содан кейін олар от қоюға мәжбүр болдық дейді. Онда үш украиналық теңізші жарақат алған болатын.

Ал Украина "Бердянск", "Никополь" және "Яны Капу" кемелерінің негізсіз тіркеуге алынғанын жеткізді. Олар бар болғаны Одесса кемежайынан Мариупольск тұрағына жоспарлы түрде өтпек болған.

Осыған дейін Украинаның әскери күштерін жауынгерлік дайындыққа көшіргенін хабарлаған болатынбыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel