RU
"Арықтайтын шығар": Түсіпбаева ән айтып кеткен Жадоны тағы сынады
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Арықтайтын шығар": Түсіпбаева ән айтып кеткен Жадоны тағы сынады

Рассказать Вконтакте

Былтырғы жылы Меруерт Түсіпбаева мен Жадоның арасында дау шығып, соңы сотқа дейін жеткен болатын. Арадағы шу басылып, екі тарап татуласқанымен, Түсіпбаева отандық дизайнерді қайта сынға алды деп хабарлайды "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Меруерт Түсіпбаева, Жадо. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Меруерт Түсіпбаева, Жадо. Фото: Жұлдыздардың жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ
Source: Instagram

"Жадыра ханым өзін таппай жүрген адам. Басында тамаша биші болған. Белі сіздің (ред:бағдарлама жүргізушісіне) беліңіздей болатын. Сосын белі менің белімнен екі есе үлкейгенін көріп қатты таңғалдым. Сосын тұрмысқа шығып, ана атанғаннан кейін дизайнер болып шықты. Ол кісі дипломы жоқ дизайнер болып шықты.

Осыдан соң бір топтарға продюсерлік етті. Енді ән айтып шықса, мен таңғалмаймын. "Қазаншының еркі бар, қайдан құлақ шығарса" дейді ғой. Мен не айта аламын", - деді Меруерт Түсіпбаева.

Сондай-ақ әнші Жадыра Сақиеваның ән айтып шыққанына қуанатынын жасырмады.

"Жадоның ән айтып кеткеніне қуанамын. Мен ойлаймын, ол кісі енді арықтайтын шығар. Мен көрген бетімен сахнаға шығу - ұят деп ойлаймын. Өйткені, біздің сахнада онсыз да толық әртістер жеткілікті", - деді Меруерт Түсіпбаева.

Айта кетейік, былтырғы жылы сәнгер Жадо Меруерт Түсіпбаеваны "Ел аузында" бағдарламасында талғамсыз деп атаған. Мұны естіген Түсіпбаева Жадоның бұл әрекетіне наразы болып, әлеуметтік желідегі парақшасында Жадоға қатысты бірқатар пікірлер айтып, оны білімсіз деп сынаған.

Ал сәнгер болса,  өзін ел алдында масқаралап, намысына тиетін сөздер айтқан Меруерт Түсіпбаеваны сотқа беріп, одан 20 млн көлемінде өтемақы талап еткен болатын.

Естеріңізге сала кетейік, Меруерт Түсіпбаеваның әндерін біздің MusicNur қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
4
0
0
0
0
5
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel