RU
Жанар Айжанованың қызы әйел сияқты боянатын қазақ жігітін жақтап шықты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Жанар Айжанованың қызы әйел сияқты боянатын қазақ жігітін жақтап шықты

Рассказать Вконтакте

Отандық танымал әнші Жанар Айжанованың қызы осыдан біраз уақыт бұрын "Өз ойым" бағдарламасына келген визажист жігітті жақтап шықты. Басына парик киіп, қыздан бетер боянатын жігітке қолдау бірдірген Айжұлдыз Адайбекова видеосын өзінің Insta-Stories-інде жариялаған деп жазады NUR.KZ.

Айжұлдыз Адайбекова, Әли Батов. Фото: жеке парақшаларынан. Коллаж: NUR.KZ

Айжұлдыз Адайбекова, Әли Батов. Фото: жеке парақшаларынан. Коллаж: NUR.KZ
Source: Instagram

Танымал актрисаның қызы бағдарлама жүргізушілерінің Әли Батовты эфирде мазақ қылғандарына өкпелеген.

"Мен Әли Батовты шығармашылық адам ретінде сыйлаймын. Оның креативті ойлайтынын құрметтеймін. Адамды қалай тек сыртқы келбеті үшін келемеждеуге болады? Саған сәттілік тілеймін.

Ал қонақты бағдарламаға шақырып алып, мазаққа айналдыратын жүргізушілерді түсінбеймін. Қазір 21 ғасыр. Адамның сырт келбетін сынамай, адамгершілік қасиетіне назар аударуды қашан үйренесіздер?", - дейді Айжұлдыз Адайбекова.

Айта кетейік, Әли Батов осыдан біраз уақыт бұрын еліміздегі танымал бағдарламалардың біріне қонақ ретінде келген еді.

Боянғанда қыздарды жолда қалдыратын жас жігіт көпшіліктің қызу талқысына түскен болатын.

Сіздің реакцияңыз
11
3
3
1
2
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel