Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Жалғызым менің": Ұлының тойында ән салған әке елді жылатып қойды

Опубликовано:

Ғаламторда ұлының тойында ән салған әкенің видеосы тарап, желі оқырмандарының көңілін босатты. Асқар тауының арнайы өлең орындағаны баласына да естен кетпес әсер қалдырғаны анық. Ер адам көз жасына ерік беріп, әкесін құшақтай кеткен деп жазады NUR.KZ.

Фото: Скриншот, Коллаж: NUR.KZ
Фото: Скриншот, Коллаж: NUR.KZ: Instagram

Аталмыш видеоны әннің авторы, танымал ақын Жүрсін Ерман өзінің Instagram парақшасына жүктеп қойған.

Көпшілік әкенің әнді әсерлі етіп орындауына тәнті болып, өз жылы лебіздерін білдіріп жатты.

"Әке мейірімінің тамаша көрінісі", "әкенің орны бөлек қой кім үшін болса да", "әке қадірін біліп жүріңдер", "осындай әкесі бар ұлы бақытты шығар", "мына видеодан кейін әркімнің жылап жібергені анық" , - деп жазуда оқырмандар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1765530-zalgyzym-meni-lyny-tojynda-n-salgan-ke-eldi-zylatyp-kojdy/

pixel