Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО-да жолаушылар үшін таласқан екі такси жүргізушісі төбелесіп қалды

Опубликовано:

Шығыс Қазақстан облысындағы Серебрянск қаласында облыс орталығына баратын жолаушыларға таласып қалған екі такси жүргізушісі төбелес шығарды деп хабарлайды ustinka.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: shutterstock.com
Фото: shutterstock.com: Instagram

Такси жүргізушілерінің бірі екіншісінің бетіне бірнеше соққы жасаған.

Артынша жәбірленуші сотқа арызданғанымен, кикілжіңді бейбіт жолмен шешу мүмкін болған екен.

"Сотта жәбірленуші өзін ренжіткен такси жүргізушісімен табысқанын және оған ешқандай арызы жоқ екенін айтты", -деп хабарлайды №2 Зырянов аудандық сотының баспасөз қызметі.

Нәтижесінде такси жүргізушісіне қарсы әкімшілік іс тоқтатылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1765537-sko-da-zolausylar-sin-talaskan-eki-taksi-zrgizusisi-tbelesip-kaldy/

pixel