RU
"Әлем аруы" байқауына тұңғыш рет трансгендер жігіт қатыспақшы (фото)
Жаңалықтар Әлемде

"Әлем аруы" байқауына тұңғыш рет трансгендер жігіт қатыспақшы (фото)

Рассказать Вконтакте

Желтоқсан айының 17-і күні Таиландта өтетін "Әлем аруы" ("Мисс Вселенная") байқауында алғаш рет трансгендер бағын сынамақшы. Әлемнің түпкір-түпкірінен жиналған сұлулар сайысында Испанияның атынан жынысын өзгерткен Анджела Понсе шығатын болды деп хабарлайды beztabu.net сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

26 жастағы Анджела биылғы жылы Испанияда өткен сұлулық байқауында топ жарып, "Әлем аруына" жолдама алған.

Оның айтуынша, Анджела бұл байқау жайында бұрыннан армандапты.

Анджела Понсе "Әлем аруы" атағын жеңіп, ЛГБТ өкілдері мен трансгендерлерді танымал етпекші.

Трансгендер осыған дейін де түрлі сұлулық шараларына қатысқан. Ал 2015 жылы "Әлем аруы" байқауында бақ сынап көрген.

Айта кететіні, Анджела Понсе 2014 жылы жынысын ауыстырған.

Сіздің реакцияңыз
3
0
11
1
0
4
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel