RU
Астанада денесі құдықтан табылған оқушының анасы сұмдық жайттың бетін ашты
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада денесі құдықтан табылған оқушының анасы сұмдық жайттың бетін ашты

Рассказать Вконтакте

Астанада тәртіп сақшылары ашық тұрған құдыққа құлап кеткен 13 жасар оқушы қыздың өліміне қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы елордалық полиция департаменті хабарлады деп жазады NUR.KZ.

Фото: Астана ПД, Коллаж: NUR.KZ

Фото: Астана ПД, Коллаж: NUR.KZ
Source: Instagram

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, тергеу "қауіпсіздік талаптарына сай емес қызмет көрсету" бойынша жүргізіліп жатыр.

Қазіргі таңда бірқатар сараптама тағайындалған.

Қаза тапқан 13 жасар оқушының анасы бұл оқиғаға қатысты тың ақпаратпен бөлісті. Ол баласының өлімі жайлы нақты деректерге ие болу қиынға түсетінін жеткізді. Себебі, оқиға орын алған ауданда мүлде бейнебақылау камералары қойылмаған.

Марқұм қыздың анасы бұл құдыққа тағы бір баланың құлап кеткенін де айтып өтті.

"Бұл бала құдыққа түспесе, менің қызымды таппас та, іздемес те еді", - деді Толғанай есімді әйел Tengrinews.kz-ке берген сұхбатында.

Келіншек іске бірден кіріспеген тәртіп сақшыларының әрекетіне шүйлікті. Ол түні бойы қызын өзі іздестіруге мәжбүр болған.

Сіздің реакцияңыз
2
3
2
19
4
1
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel