Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Маңғыстауда үйінен қашып кеткен 14 жасар бала әлі табылмай жатыр

Опубликовано:

Маңғыстау облысында 20 қараша күні үйінен шығып кеткен 14 жастағы жасөспірім Эльдар Сеит әлі іздестіріліп жатыр. Бұл туралы Lada.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

lada.kz
Фото:.lada.kz: Facebook

Жоғалған баланың анасы Гүлнар Трапбекованың айтуынша, сол күні ол ата-аналар жиналысына кеткен екен. Ұлы аулаға серуендеуге шыққан.

Үйіне қайтып келгенде анасы ұлын еш жерден таба алмапты.

Бес күннен кейін Гүлнарға ұлын "Жаңаөзен" сауда ойын-сауық орталығының жанындағы дәмханалардың бірінде көргендерін хабарлаған.

Эльдардың анасының айтуынша, ұлының досы оған жаман әсер етеді екен, Эльдар бұрын да үйден қашып жүрген көрінеді.

Дәмхананың иесіне балалар өздерінің жетімдер үйінен қашып кеткендерін айтқан.

Балаларға жаны ашыған дәмхана иесі Эльдарға жылы аяқ киімін беріп, қайтадан жетімдер үйіне апарып салуды ұсынған. Бірақ балалар қашып кетіпті.

Балаларды іздеумен тәртіп сақшылары айналысып жатыр.

Жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпаратты білетін жандар анасының нөміріне хабарласуға болады: 8778 632 50 46 (Гүлнар)

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1765565-magystauda-jinen-kasyp-ketken-14-zasar-bala-li-tabylmaj-zatyr/

pixel