RU
27 қарашаға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

27 қарашаға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Кез келген істі бастау үшін қолайлы күн. Бүгін табанды, өжет және ынталы болған абзал. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 27 қарашаға арналған жұлдыз жорамалды назарларыңызға ұсынады.

fakty.ua

Көрнекі фото:fakty.ua
Source: Facebook

1. Тоқты

Бүгін сізге жан-жақтан әртүрлі маңызды ақпараттар түсе бастайды. Бірақ сіз басқаның пікіріне құлақ асқанмен, өз ұстанымдарыңыз бойынша әрекет етесіз. Бұл дұрыс шешім қабылдауға көмектеседі.

2. Торпақ

Сейсенбі күні торпақтар болашақты ойлайды. Қалай десе де ойларыңыз оңтайлы болады. Бұл жай арман емес, нақты жоспарлар. Ең бастысы осы шаққа мән беруді ұмытпаңыз, әсіресе жақындарыңызға көңіл бөліңіз.

3. Егіздер

Сейсенбі күні қалай өтетіні таңды қалай бастағаныңызға байланысты. Оң аяғыңыздан тұрып, жаттығу жасап, жуынсаңыз, күн сәтті өтеді. Ал таңертеңнен көңіл күйіңіз болмаса, күн сәтті өтуі үшін барыңызды салуға тура келеді.

4. Шаян

Шаяндар таңертеңнен бастап жұмыстың астында қалады, бірақ бүгін барлық істі аяқтауыңыз керек. Шаяндар үшін бүгінгі күн жауапкершілігі мол, жаңа кезең бастамасы болады, сондықтан таң сәріден бастап күшіңізді жинақтаңыз.

5. Арыстан

Бүгін көптен бері ертеңге қалдырып жүрген істеріңізбен айналысыңыз. Күрделі жобаны еш қиындықсыз іске асыру мүмкіндігі туады. Қажетті қаржы табылып, ынтаңыз артып, достарыңыздың қолдауы пайда болуы мүмкін. Арманға қарай ұмтылатын кез келгенін түсінсеңіз, қателеспейсіз.

6. Бикеш

Бүгін іскерлік әлеуетіңіз бен табандылығыңыз артады. Сондықтан сізді жеңіс күтіп тұр. Сізді бүгін не шабыттандыратыны маңызды емес, ең бастысы шабытыңыздың арқасында көп нәрсеге қол жеткізесіз.

7. Таразы

Бүгін әрекет етудің орнына сырласып, әңгімелесуге құштар боласыз. Әңгіме неғұрлым ұзаққа созылса, соғұрлым көп уақытыңыз текке кетеді. Бүгін ресурсты күн, сондықтан уақытыңызды тиімді пайдаланыңыз.

8. Сарышаян

Сөздеріңізге мән беріңіз, аз сөйлеуге тырысыңыз. Бос әңгімелер қуатыңызды азайтады, соның салдарынан кешке қарай ашуланып, қызбалыққа салынуыңыз мүмкін. Сондай-ақ, сөз арасында біреудің сырын жайып салуыңыз ықтимал, сондықтан әр сөзіңізді бақылап сөйлеңіз. Ойланбастан айтылған сөздің салдарынан жанжал туындауы да мүмкін.

9. Мерген

Бүгін сізді жеңістер күтіп тұр. Алайда қандай да бір себеппен жолыңыз болмаса, бұрынғы жеңістеріңіз бен жетістіктеріңізді еске алып, өзіңізді жаңа жеңіске шабыттандырыңыз.

10. Тауешкі

Тауешкілердің көбі үшін бүгінгі күн осы айдағы, осы жылдағы, тіпті өміріндегі ең маңызды күн болуы мүмкін. Тауешкілер бүгінге ерекше шаралар жоспарлап қойған болса, кейбіреулері кенеттен жоспарлар құра бастайды. Бүгін тағдыр сыйға тартқан әр мүмкіндікті қалт жібермеңіз.

11. Суқұйғыш

Бүгін сіздің құлшынысыңыз бен ынта-жігеріңіз артады. Беделді тұлғамен бәстесіп немесе бір топ адамға қарсы шығуыңыз мүмкін. Мұндайға сізді әртүрлі себептер итермелеуі мүмкін. Оның ішінде табыс табуға талпынысыңыз, біреуге деген сезіміңіз болуы мүмкін.

12. Балықтар

Бүгін кеудемсоқтықтан арылыңыз. Көп нәрсе уәде еткенмен, оларды орындайтын өзіңіз. Таңертең істерге құлшына кіріссеңіз де, түстен кейін қатты шаршағаныңызды сезінуіңіз мүмкін. Сондықтан бірден шамаңызды дұрыс бағалағаныңыз жөн.

Сіздің реакцияңыз
2
0
0
0
2
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel